Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 января 2020 17:43

"Жарқанат сорпасы немесе жылан". Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайдағы қауіпті індет - коронавирустың тарауы туралы ақпараттың пайда болғанына шамамен бір ай болды. Алғаш вирус жайлы мәлімет 2019 жылдың желтоқсанынан тарай бастады. Желтоқсанның өзінде Қытайдың Ухан қаласында 27 адам вирус жұқтырып, жетеуі ауыр жағдайда болған. Ал бүгін Хубей провинциясында қатерлі індеттен 100 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Ғалымдар аурудың бастау алған ошағын да анықтаған. Қауіпті індеттің тарауы, ауру ошағы және Қазақстанның қауіпсіздік шаралары жайлы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Қытайдағы қауіпті індет - коронавирустың тарауы туралы ақпараттың пайда болғанына шамамен бір ай болды. Алғаш вирус жайлы мәлімет 2019 жылдың желтоқсанынан тарай бастады. Желтоқсанның өзінде Қытайдың Ухан қаласында 27 адам вирус жұқтырып, жетеуі ауыр жағдайда болған. Ал бүгін Хубей провинциясында қатерлі індеттен 100 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Ғалымдар аурудың бастау алған ошағын да анықтаған. Қауіпті індеттің тарауы, ауру ошағы және Қазақстанның қауіпсіздік шаралары жайлы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Мамандар вирустың қайнаркөзін анықтады

Эпидемияның ошағы - Хубей провинциясы. REUTERS мәліметінше, күні кеше коронавирустан қаза болғандардың  саны бір түнде 56-дан 76-ға жетсе, бүгін олардың саны 100-ден асқан. 

Одан бөлек, бір күнде коронавирус жұқтырғандардың үлесі 30 пайызға артқан - 2744 адамның ауруы расталған. Олардың көбі Қытайда. Айта кетейік, вирустан қайтыс болу дерегі алғаш 11 қаңтарда тіркелген. Уақыт өте келе қатерлі індеттен қаза тапқандардың саны ұлғая бастады: 22 қаңтарға дейін 17 адамға жеткен. Сонымен қатар, сол уақыт шамасында 571 адам вирусты жұқтырып үлгерген, оның 95-і ауыр жағдайда болған.


© REUTERS

Вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде де тіркелген. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Сауда орталығында көбіне теңіз өнімдері, құс, жылан, қоян мен басқа да жануарлар сатылған. 

Ал The Sun басылымы Қытайдағы вирус ең алдымен жергілікті деликатес - жарқанаттан жасалған сорпадан тараған болуы мүмкін деген мәлімет келтірген. Себебі Қытайдың ғылыми бюллетенінде келтірілген зерттеу бойынша, адамдардан анықталған вирус пен жарқанаттың ортақ белгісі көп болған-мыс. 

Айта кетейік, адамнан адамға жұғатыны белгілі болған вирус ең алғаш Ухандағы теңіз өнімдері сатылатын базарда істейтін және сол жерге барған адамдардан анықталған. Сонымен қатар, вирустың қайнаркөзі қытайлықтар жиі қолданатын жылан болуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған. Одан бөлек, қытайлықтар жыланның уын халық медицинасында жиі қолданатыны айтылып жатыр. 

Ал жарқанаттан жасалған сорпа - әсіресе Ухан базарларында кеңінен таралған тағам түрі. Ғалымдардың пайымдауынша, вирустың тарауына жарқанат сорпасы себеп болған деген болжам шындыққа жанасады. Себебі жылан жарқанатқа жиі шабуыл жасайтын жануарлардың бірі көрінеді. 

Қытай билігінің әрекеті

 

Қатерлі індет Қытайдың 11 миллион тұрғыны мекен ететін Ухан қаласынан анықталғаннан кейін 23 қаңтарда қытайлық билік өкілдері ухандықтарға қаладан шығуға уақытша тыйым салды. Елдегі жағдайға байланысты әуе рейстері, автобус және пойыз бағыттары уақытша тоқтатылды. Халықаралық автобус қатынасы да тоқтатылып, қалаға келген жолаушылар Ухан теміржолдары мен әуежайларында тексерістен өтіп бірақ кірді.


© REUTERS

23 қаңтардағы жағдай бойынша, вирус елдің 25 провинциясына тарап үлгерген. Сол күні 7,5 миллион халқы бар Хуанган қаласы да оқшауланды. Бұл қалада қоғамдық көлік жұмысы және ауқымды іс-шаралар тоқтатылды. Қаладағы базарлар да уақытша жабылды.

Аспан асты елінің Жаңа жылы - елдегі ең ірі шаралардың бірі. Қытайлық студенттердің айтуынша, биылғы Жаңа жыл алдыңғыларымен салыстырғанда әлдеқайда тыныш өткен. Тұрғыны көп деген көшелердің өзінде ерекше тым-тырыс жағдай.

Қытайда білім алып жатқан қазақстандық Мәриям Камалованың айтуынша, адамдар арнайы маска тағып, халық көп шоғырланған жерде ұзақ қалуға тырыспайды.

"Бүгін науқастарды арнайы аурханаларға жеткізеді. Ал бізге үйден шығуға тыйым салды. Адамдар мессенджер арқылы түрлі ақпарат таратып жатыр. Оның қайсысы өтірік, қайсысы шын - мен білмеймін. Кейбір университеттер демалыс уақытын тағы жарты айға созды", - дейді ол.

Қытай биілігі Ухан мен Хуанганнан бөлек тағы бірнеше қаладағы қоғамдық көлік қозғалысын уақытша тоқтатқан. Олар: Чиби, Эчжоу, Сяньтао, Чжицзян, Цяньцзян, Хуанши, Эньши және Сяньнин.


© REUTERS

Ал 24 қаңтарда қытайлықтар жалпы көлемі 25 мың шаршы метр аурухана құрылысын бастап кетті. Жергілікті билік құрылыс жұмыстарын екінші ақпанға дейін аяқтамақ. Құрылысқа ондаған техника жұмылдырылған. Аурухана бір уақытта 1000 науқасты қабылдауға арналған деп жоспарланған.

"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді

Қазақстан қалай сақтанып жатыр?

 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті коронавирусты жұқтырған адам тіркелмеген.

Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтарда Үкіметке Қытайдағы вирусқа байланысты шара қолдану туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар, қауіпті індеттің өршуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы арасындағы шекара жабылды. Кеден бекеттеріндегі бақылау күшейтілген. Себебі соңғы бір айдың өзінде Қазақстан мен Қытай шекарасы арасынан үш мыңға жуық адам өткен.

Одан бөлек, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі cаll-орталық нөмірін жариялады. Яғни, кез келген қазақстандық 1406 және +7 717 2 76 80 43 нөмірлеріне хабарласып аспан асты елінде тараған қауіпті вирус туралы ақпарат ала алады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети