Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 января 2020 17:24

Қазақта келін неге үш жылдан соң ғана төркіндетіп барған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ © СТВ

Қазақта келінге қатысты ырым-тыйымдар көп. Біреулер жаңа түскен келін ешқашан қайын жұртының есімін атамаған десе, тағы біреулері келінге тіпті төрде тұрған жүк, сандыққа қол тигізуге болмайды деп жатады. Ал жиі төркіндеген келіннің үйінен ырыс, береке кетеді деп түсінген. Этнограф Болат Бопайұлы Тengrinews.kz тілшісіне келіндерге неге жиі төркіндеуге болмағанын және осы дәстүрге қатысты ырым-тыйымдарды айтып берді.

Болат Бопайұлы кезінде қазақ келіндері үйлеріне 3 жыл өткен соң да төркіндетіп барған дейді.

"Қазақтың ежелгі салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл толмай немесе балалы болмай, тіпті 3 жыл өткеннен кейін ғана төркіндетіп барған. Себебі қазақ ол дәстүрді қыз жат босағаға барғаннан кейін, яғни оң аяқпен ақ босағаны аттағаннан кейін қайын ата, қайын енесіне, қайын жұртына жарасымды жағымды келін болсын деп ырымдаған. Мұны салт пен дәстүрге айналдырып, жақсы ырымға бағалаған", - дейді ол.

Келін қандай жағдайда сәлем салмаған?

Этнографтың айтуынша, қазақ ұзатылған қыздың сәбилі болмай, күйеу баламен төркіндеп баруы жараспайды деп түсінген.

"Өзге отбасыға келін болып түскен қызға күйеу баламен төркініне бару жараспайды деп түсінген. Ал жыл өткеннен кейін сәбиімен, күйеуімен төркіндеп барса, ол үйдің есік босағасы сықырлайды деп сенген. "Қыз ана болды", "ананың жолы үлкен" деп құрмет көрсеткен. Сондықтан келген күйеу балаға, қызына, бірге келген жиендеріне мал сойып, көрші-қолаңды шақырып, қызымыз төркіндетіп келді деп үлкен дастарқан жайып, шағын той өткізетін болған. Қайтарында күйеу балаға шапан жауып, ат мінгізген - қызымызды сыйлап жүрсін, махабаттары мәңгілік болсын деп ырымдаған", - дейді Болат Бопайұлы.

Қазақ келіні қайын жұртының есімін неге атамаған?

Бірақ этнографтың айтуынша, бүгінде бұл салт аса сақтала қоймаған.

"Қазір қыздар бүгін ұзатылып, ертең төркіндеп, үйлерінде жүреді. Бұрынғы замандарда ондай нарсеге жол бермейтін болған. Ондай заңды, ырымды дәстүрді қатаң сақтаған. Келін, тіпті, ата-енесі отырған орынға отырмаған, алдын кесіп өтпейтін болған", - дейді Болат Бопайұлы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети