Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 мая 2019 16:51

Аттракционға кірген балаға неге тәтті-пәтті беруге болмайды - Ойын алаңындағы ережелер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жаз шығып, каникул басталысымен саябақтар мен ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарынан ұзын-сонар кезекте тұрған балаларды байқауға болады. Үйде отырғысы келмейтін балалардың аттракциондар мен әткеншектерде ойнап қайтқысы келетіні анық. Алайда олардың көбі қызығып, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайтын жағдайлар көп. Tengrinews.kz тілшісі аттракциондағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. 


Жаз шығып, каникул басталысымен саябақтар мен ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарынан ұзын-сонар кезекте тұрған балаларды байқауға болады. Үйде отырғысы келмейтін балалардың аттракциондар мен әткеншектерде ойнап қайтқысы келетіні анық. Алайда олардың көбі қызығып, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайтын жағдайлар көп. Tengrinews.kz тілшісі аттракциондағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. 

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық құжатқа сүйенсек, әрбір аттракционның паспорты болуы қажет. Аттракцион паспорты деп отырғанымыз ондағы кепілдікті куәландыратын мәліметтерді, аттракционның негізгі параметрлері мен сипаттамаларын, сондай-ақ аттракционның сәйкес келуін растау туралы мәліметті қамтитын құжат. Балалар қауіпсіздігіне қатысты талаптардың барлығы әр ойын орталығында болуы тиіс осы құжатта көрсетілген.

Аттракциондағы жазбаларға назар аудару қажет

Ең бірінші балалар мен аналардың әрбір аттракционда көрсетілген жазбаларды ескеруі өте маңызды. Жас, салмақ, бой ерекшелігіне қатысты шектеулер текке жазылмайды. Себебі әткеншектегі немесе аттракциондағы әрбір орын белгілі бір жас, салмақ ерекшелігіне есептеліп дайындалады.

Мысалы, үрмелі әткеншектер бес жасқа дейінгі балаларды көтере алады, ал бірақ оның орнына салмағы 70-80 келі болатын балалар отырса, ол шар немесе батут жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан әрбір аттракционның сыртында жазылған ескертулерге назар аударған жөн.


© Тұрар Қазанғапов

Тамақпен кіруге болмайды

Ата-аналар жиі жіберетін қателіктердің бірі ретінде олардың баланың қолына тамақ ұстатып жіберуі айтылады. Қолдарына сусындар мен тәттілер алған балалар пакеттің басқа біреудің немесе артындағы адамға құлап кетуі мүмкін екенін ескермей жатады.

Одан бөлек, ең қауіптісі - бала шашалып, дем ала алмай қалуы мүмкін. Оны сол әткеншекке бірге мінген кішкентай балалар байқамай қалу қаупі бар. Сондай-ақ, дәрігерлер аттракциондарға барар алдында тоя тамақтанбауға кеңес береді.

Сонымен қатар, балаларға кабинадан шықпауға кеңес беріледі. Қаншалықты қызық немесе күлкілі болғанымен, мамандар ешқашан да кабинадан басын шығарып немесе тіпті шығып кетуге тыйым салады. Ондағы темірлер жарақаттаудан бөлек, инерциямен кабинадан түсіріп, қайғылы жағдай болуы мүмкін. 

Артық қимыл жасауға тыйым салынады

Мысалы, балалар көп жағдайда жүріп бара жатқан аттракционда немесе әткеншекте қол бұлғап жатады. Бұл өте қауіпті. Себебі бала орнынан сәл жылжып немесе артық қимыл жасаған кезде қауіпсіздік белдігі шешіліп кетуі мүмкін немесе қасында отырған баланы итеріп қалу қаупі бар. Сондықтан аттракцион тоқтаған кезде орнынан асықпай тұрып, сосын ғана қауіпсіздік белдігін шешкен жөн. Мұнда оператор барлығын бақылап тұруы тиіс. Дегенмен бір топ болып мінген соң барлығын қадағалап түру мүмкін болмай жатады. 

Ондағы қызметкерлер балалардың тәртібін бақылап қана қоймай, олардың халін байқауы керек. Бала өзін нашар сезінсе немесе бойында үрей болса, оны аттракционға отырғызбауға оператордың құқығы бар.  


© Тұрар Қазанғапов

Операторлар өз міндеттерін орындауы тиіс

Ойын алаңындағы кез келген қызметкер нені ескеруі керек?

- Әр түрлі жастағы балаларға арналған аттракциондарды пайдалану ерекшелігін ескеруі қажет;
- өте төмен климаттық зоналарда металл немесе кез келген басқа материалдан термикалық күйіктің алдын алуы керек;
- бой ерекшелігіне қарай қауіпсіз биіктікті қамтамасыз етуі тиіс;
- қосымша қауіп-қатерді ескеруі қажет - физиологиялық немесе психологиялық. Мысалы, ойын-сауық құрылғыларында және қозғалмалы бөліктерінде тесіктер қалдырмау керек. Себебі бала қолын, аяғын немесе басқа заттарды тесіктерге оңай тығып алуы мүмкін;
- аттракциондар мен әткеншектерде қауіпті болуы мүмкін деген жерлерді таяныштар және қоршаулармен қамтамасыз етуі тиіс.

Аттракциондар орташа есеппен 20 жылдай жұмыс істей алады                 

Кейбір деректерге сүйенсек, аттракциондар мен әткеншектер орташа есеппен 20 жыл уақыт ақаусыз жұмыс істей алады екен. Қазіргі таңда еліміздегі аттракциондардың көбі Еуропа елдерінен жеткізіліп жатыр. Инженерлердің сөзіне қарағанда, ескі әткеншектер мен аттракциондардың сапасы заманауи аттракциондарға қарағанда әлдеқайда мықты. Олардың айтуынша, ескілерінде металл өте берік, сондықтан олар ұзақ уақыт қызмет ете алады.

Сондай-ақ, соңғы уақытта компьютерлік бағдарламалардың көмегімен жасалып жатқан аттракциондар да көп екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети