Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Әбіш Кекілбайұлы атындағы орталықтың құрылысы аяқталуға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Елдар Машырықов мәлімдеді. Қазан айында Ақтауда ауданы 8742 шаршы метрді құрайтын Әбіш Кекілбаевтың мұражайы ашылады.

«Қыркүйек айының аяғында тапсырамыз деп жоспарланған мәдени орталықтың дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта актілері, құрылысқа қажетті құжаттары жасақталып, тапсыруға дайындап жатырмыз. Ал кітапхана мен музей құрылысының аяқталу мерзімі 2020 жылдың аяғы»,- деді Елдар Қуатұлы

Мердігер ұйымның директоры Ризабек Өтегеновтің айтуынша, құрылысқа пайдаланылған материалдар негізінен қазақстандық тауар өндірушілерден, ішінара Ресей, Оңтүстік Корея және Жапония материалдары бар. Мұражайдың алдында Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші болады. Жобаның инвесторлары итальяндық компания. Екі мың орындық кітапхана мен театрды біріктіретін бұл орталық 10 га аумақты қамтып отыр. Жоба авторлары - елордалық мамандар. Сондай-ақ кітапханада 304 мың кітап болады.

Айта кетейік мұражайдың ашылуы осы жылдың 12 қазанына жоспарланған. Ал кітапхана 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети