Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Маңғыстау облысындағы ұзақтығы 191,5 кв.м. жолдар жаңартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов айтты.

«Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2846,1 шм құрайды. Оның ішінде, республикалық маңыздағы – 1049 шм, облыстық және жергілікті маңыздағы – 1 797,1 шақырым. Облыста жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92 %-ды құрайды. Облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойынша – 410,3 шақырым, оның ішінде қайта құрылымдау жұмыстары – 191,5 шм, су өткізгіш құбырларын қайта құрылымдау – 19 дана, орташа жөндеу – 218,8 шақырым. Құны 27 015 млн. теңге»,-деді Б.Ережепов

Сонымен қатар Маңғыстауда жол сапасы салынбас бұрын қадағаланатын болды. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» директоры Тұрбек Спанов мәлім етті.

Маңғыстауда Ұлттық жол активтері сапасы орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылды. Аталған орталықтың негізгі мақсаты – автомобиль жолдарын бақылауды қамтамасыз ету. Жаңадан құрылған мекеменің міндеті – республикалық және аудандық маңызы бар жолдар мен жұмсалатын материалдарды қадағалау, сапасы мен негізгі жағдайын тексеру.

«Біз уақытылы басқарма өкілдеріне қай жол қандай жағдайда, сапасы қандай жөнделу жұмыстары қандай барлығын анықтап айтатын боламыз. Мысалы өздеріңіз білесіздер Ақтау - Жаңаөзен жолдар қалай жасалғанын. Дәл сондай жүйені біз аудандарға да енгізу басты міндетіміз болып отыр. Жол бойынша қазір шешілмеген мәселе көп, сол себепті де әкімшілікпен бірге жұмыс жасаймыз. Ендігі жерде жол құрылысы басталмас бұрын пайдаланылатын құрылыс материалдары алдын-ала тексерілетін болады.», - деді Тұрбек Спанов

Бүгінде бес деңгейдегі сапаны тексеріп отыру облыс көлеміндегі республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарға енгізіліп, өз жұмыстарын атқаруда. Болашақта бұл жүйе қала және ауданаралық жолдарға да енгізілгелі отыр.

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети