Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

ШЫМКЕНТТІК БАЛАҚАЙЛАРҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛЫП ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мегаполистегі Оқушылар сарайында ҚР Президенті атынан қала әкімінің «Жарқыра, Қазақстан, Жарқыра – Туған жер!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті, деп жазады тілшіміз Азамат Жаппар. Салтанатты іс-шараға қатысқан шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов балақайларды мерекемен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының және дарынды 250 балаға «Назарбаевтай болғым келеді» атты кітап мен Елбасының хатын және қаржылай 100 мың теңге табыстады.

– Бүгінгі мерекеге жиналған балақайлардың барлығы әдемі. Баршаларыңызға тек амандық тілеймін. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, арман-тілектеріңіз жүзеге ассын! Шымкент жыл санап көркейе бермек. Біз ең бірінші кезекте балаларға назар аударамыз. Балалар ойын алаңшалары, спорттық үйірмелер бәрі балғындар үшін жасалатын болады. Сіздердің балалық шақтарыңыз қауіпсіз өтуіне ықпал етеміз,– деді қала әкімі.

Жаңа жыл мерекесі мен Аяз атаны асыға күткен балғындарды қысқы ертегі кейіпкерлері қызықты да мазмұнды мерекелік бағдарламамен қуантты. Мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Қарша қыз балаларды қысқы ертегі әлеміне жетелеп, концерттік бағдаламасын ұсынды.

Салтанатты жиында қала әкімі балғындармен би билеп, кеш қонақтарымен бірге жас өнерпаздар өнері мен Елбасының құттықтауын тамашалады.

Шымкенттегі Əл-Фараби алаңында мегаполистің бас шыршасының шамы жанды. Мерекелік іс-шараның алғашқы рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, балалармен бірге ертегі әлемнің қақпасын айқара ашты.

Салтанатты іс-шарада 100 Аязата Ақшақарымен, ертегі кейіпкерлері, қуыршақтар жəне аниматорлар алаңға жиналған балалардың көңілін көтерді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов дәстүрлі іс-шараны тамашалауға келген қала тұрғындарымен бірге «Кейіпкер шеруі», «Қызықтан қалма, қалқатай!», «Қош келдің, Жаңажыл!» сахналық-концерттік бағдарламаларды тамашалады.

Айта кетейік, Шымкенттегі бас шыршаның биіктігі 15 метрді құраса, салмағы 1 тоннаға жуық. Бас шыршаны безендіруге жалпы ұзындығы 400 метр жарықшамдар, 240 дана алтын шар, 540 дана басқа да ойыншықтар мен 3 400 метр жылтырақ жұмсалған.

Бас шыршаның шамын жағу салтанатына жиналған жұртшылық қала өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаны тыңдап, от шашуды тамашалады.

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети