Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Атырау облысының прокуроры Е.Сыбанқұлов 10 қызметкерінің ата-аналарына алғыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде Елбасы тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударылған өзге ұлттарға қамқор болған қазақ халқының дархан мінезін алға тарта отырып, 1 наурыз Алғыс айту күнін атап өту ұлттар достастығының белгісі ретінде көрсетті.
"Алтын деген – жер сыйы, алғыс деген – ел сыйы" демекші қазақ халқының алғыс айту дәстүрі көне түркі мәдениетінен бастау алады.
Бұл дәстүрдің түпкі мағынасы – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан алшақ болуды тілеу.
Елбасымыздың да "Рухани жаңғыру" атты мақаласының негізгі түйіні нарықтық экономика заманында ұлтымыздың өз мәдениетін, дәстүрін қайта түлете отырып бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру еді.
Бір сөзбен айтқанда елдегі басталған ауқымды жобалар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне бағытталуы тиіс.
Осы орайда, Президентіміздің идеясын қолдау мақсатында прокуратура органдары да елімізде құқықтық тәртіпті нығайтуда өз үлесін қосып келеді.
Тәуелсіздік алғалы бері Мемлекет басшысының қолдауымен прокуратура құқық қорғау жүйесінің басты институты, сондай-ақ заңдылықты нығайтудың, адам, қоғам және мемлекет құқықтарын қорғаудың құралы ретінде танылды.
Қоғамды қайта түлетуге, ұмтылған дәстүрімізге жаңаша өмір беру және оны жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі аға буын өкілдерінің міндеті.
Атаулы күні жаста кәрі де бір-бірінен кешірім сұрап, алғыс айтуы елдігіміз бен бірлігіміздің жемісі деп білемін.
"Жақсылық – бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі" деп Марк Твен айтқандай, адамға жақсылық жасау, жақсы нәрсе тілеу адамдықтың белгісі.
Осыған орай, өз қызметтерін адал атқарған облыс прокуратурасының 10 қызметкерінің ата-аналарына саналы тәрбие, сапалы білім бергендері үшін өз атымнан алғыс білдірдім.
Бұл қадам, жас мамандарды жетістікке жетелейтініне сенемін.

Атырау облысының прокуроры
Е.Сыбанқұлов

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети