Абдуллаев Сағынай

  • Абдуллаев Сағынай

Абдуллаев Сағынай 1923 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылы қатардағы жауынгер болып соғысқа аттанды. Соғыста 3 жерінен жарақат алды. 1994 жылы аяғынан оқ қалдықтары алынды. Сонда сұрағанымда атамның айтқаны: ол соғыста көпірде қарауыл болып тұрған кезде аяғынан жарақат алып, биік көпірден құлаған. Атамның айтқан тағы бір әңгімесі, жанындағы досы бомбаға түсіп, ішек-қарны ақтарылып жатқан жерінен сүйреп әкелген және досы сол жерде жан тапсырған. Сол жағдай есіне жиі түсіп кететінін айтты. Атамның өзі соғыстан 1945 жылы оралған. Өзі 1997 жылы қайтыс болды. Алматы облысы, Талғар қаласында. Немересі - Нұрлан.

 

Нравится