Бегалиева Шұға

  • Фото ветерана: Бегалиева Шұға
    Бегалиева Шұға

Бегалиева Шұға - 1919 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыторғай ауылы, Сталин колхозында дүниеге келген. 1934 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп шыққан соң колхозда еңбек етеді.

Елге аудан басшылары келіп, Германиямен шарт жасастық, елде бейбіт өмір болады деп елге қуанышты хабар жеткізеді. Бірақ, екі жылға жетпей-ақ Германия тұтқиылдан шабуыл бастайды.

1941 жылы бұл кісі де әскери жұмыстары үшін Ресей жеріне аттанады. 1942 жылы қыркүйекте Сталинградқа жіберіліп, санитария бөлімінде 6 ай оқиды. Курс аяқталған соң Шығыс майданынан Гурьевтегі госпиатлға жаралылар тасиды. 1943 жылы Сталинградқа қайта жіберіледі. Онда Украина жерінде Оргада қаласында госпитальде жаралыларға көмектеседі. Кейін дала госпиталінде жауған оқтың астында солдаттардың жараларын таңып, дәрігерлік көмек көрсетіп, сөніп бара жатқан жаралыларға жарық сәуле сыйлайды. Бірде өзі де ауыр жараланады. Емделіп шыққан соң майданға қайта жіберіледі. 1944 жылы бұзылған қалаларды қалпына келтіруге материал дайындалып жатқандарға келіп қосылады.

Жеңісті 1945 жылы 8 мамыр күні Маршалскіде қарсы алған әже елге сол жылы тамыз айында елге оралады. Майдангер әже елге оралған соң да еңбек майданына араласып, еңбек ардагері атанған. Бұл күнде балаларының, немере–шөберелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже.

Нравится
Бегалиева Шұға
Место рождения:
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыторғай ауылы Сталин колхозы
Звание:
Сержант
Годы жизни:
1919 жылы