Дүйсекенов Ақаш

  • Фото ветерана: Дүйсекенов Ақаш
    Дүйсекенов Ақаш

Дүйсекенов Ақаш - 1924 жылы 1 сәуірде ШҚО Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан үшін болған сұрапыл соғыста 90-шы гвардияның атқыштар дивизиясында соғысты. Курск шайқасына қатысып, ерліктер көрсете білді. Ерен ерліктері мен майдандағы батырлығы лайықты бағаланып, түрлі ордендер мен медальдарды иеленген.

  • "Қызыл Жұлдыз"
  • "Ұлы Отан соғысы" ордені,
  • "Ерлігі үшін",
  • "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. 

Соғыстан кейін туған жерге оралып, Үржар ауданының өсіп-өркендеуіне қажыр-қайратымен өз үлесін қосып, көп жылдар колхозда еңбек еткен. Ардақты әке ретінде ұлағатты балалар тәрбиелеп өсірген. 

Нравится