Абетов Дүйсенбек Аманжолұлы

  • Фото ветерана: Абетов Дүйсенбек Аманжолұлы
    Абетов Дүйсенбек Аманжолұлы

Абетов Дүйсенбек Аманжолұлы - 1916 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзен ауылында дүниеге келген. 1932 жылы Ақтабан шұбырынды, ашаршылық уақытында Щербаков ауылының Қабаш деген бөлімшесіне көшіп келеді. Қара жұмысшы болған. 1939 жылы әскерге шақыртылып, Фин соғысына кетеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыстан аман есен оралады.

1946 жылы Әлкенқызы Зарамен шаңырақ көтереді. 7 баласы бар. Изенді ауылында жылқышы болған. 1964 жылдан бастап қойшы болған. Қойшы болып жүріп 1976 жылы зейнеткерлікке шығады. 1998 жылы 82 жасында дүниеден өтті.

Алған ордендері мен медальдар тізімі:

  • "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30жыл",
  • "Германияны жеңгені үшін"
  • "Тың жерлерді игергені үшін"
  • "Жуков атындағы" медальдың иегері
Нравится