Агайдаров Нурсейiт

  • Фото ветерана: Агайдаров Нурсейiт
    Агайдаров Нурсейiт
  • Фото ветерана: Агайдаров Нурсейiт
  • Фото ветерана: Агайдаров Нурсейiт
  • Фото ветерана: Агайдаров Нурсейiт
  • Фото ветерана: Агайдаров Нурсейiт
    Фото ветерана: Агайдаров НурсейiтФото ветерана: Агайдаров НурсейiтФото ветерана: Агайдаров НурсейiтФото ветерана: Агайдаров НурсейiтФото ветерана: Агайдаров Нурсейiт

Атам Агайдаров Нурсейiт 1910 жылы Қарсақбай ауданы, бетпақ даламамен шектесіп жатқан Жетіқоңыр құмында дүниеге келіпті. Нурсейт атамның әкесі Ағайдар Байна атамның кенже баласы екен. Ол сақы, мырза кiсi болыпты. Тоқсейiт,Байсейiт, Жансейiт, Нурсейiт, Қансейiт атты бес ұлы болған. Тоқсейiт ак патшаның тұсында Ресейде оқып, Сәкен Сейфуллинмен дос, пікірлес болған. Ағайдар атам ұлдары мен жігіттерiн бірдей киiндіріп, бiр түсті атқа мінгізеді екен. Аттарының ер -тоқымы, үзеңгілерi алтынмен апталып, күміспен қапталыпты. Сондай-ақ ол кiсi жалдамай, малдарын өз балаларына, туыстарының балаларына бақтырады екен. Бай атадан халiнiз қалай деп сұраса үнемі,  -орташа - дейтін көрінеді. Сонда өзіңіз бай, өзіңіз сақы, бес бірдей ұлыңыз бар неге орташа дегенде, бай ата: Ассан асылдарсың, бiр кунi келіп аяққа басыларсың. Тасысаң тасыларсың, түбінде келіп шашыларсың. Одан да өмірде орташадан артық ғұмыр жоқ- дейтін көрінеді. Ойын-тойларда: "Ау, Байеке! Мыналардың ішіндегі өз балаларың қайсысы?" десе, "Барлығы да балаларым", дейді екен.

Ағайдар ата бар болғаны 47жас өмір сүріптi. 1870 жылы туып, 1917 жылы дүние салыпты.Қ айтыс болғаннан кейін атаның басына Ташкенттен шебер алдыртып, сәулетті кесене тұрғызған. Ол Жезқазған қаласында тоқсан шақырым жердегi Сарысу өзеннің бойында. Кесене толық бiтпеген. Қызыл империяның дүмпунен қорқып, төбесі бітпей қалған. Қабырғасының биiктiгi жетi метрдей алыстан көзге түседі. Арада бiр ғасырдай уақыт өтсе де кірпіштері сол қалпында тұр. Кірпішті құйғанда судың орнына биенің сутiн пайдаланған. Оған жылқының қылын қосқан. Атаның ұрпақтары да өсіп- өнген. Кеңес өкіметінің тұсында атаның балаларына өмір сүру оңай болмаған. "Байдың тұқымы", деп туртпектей берген.

Осының салдарынан атаның бес бірдей баласы Тәжікстанға қоныс аударыпты. Байсейiт атам сотталып, Тоқсейiт, Жансейiт, Нурсейiт, Қансейiт аталарым қолдарына кару алып, соғысқа аттанады. Қан майданға соғыстың алғашқы кундерiнде - ақ, жергілікті әскери комиссариатка қайта- қайта барып, сұранып жүріп, 1942 жылдың қаңтарында соғысқа аттанады. Бастапқы дүрбелеңде тиісті орындагылар орда бұзар отыз жастағы Нурсейiт атамның отты көздеріне, шиыршық атқан құлшынысына қарап, жаяу әскер қатарындағы 208-атқыштар дивизясына жібереді. Оның әскерге өзінен бұрын алынған Тоқсейiт, Жансейiт, Қансейiт бауырларын майданда жолықтырамын деген ойы болатын.

Әлбетте, жағдай "батырларыңды іздеп тауып, табыса ғой" деп көкөрім жігіттің маңдайынан сипап, жолға сiлтей қойған жоқ. Атқыштар, даярлайтын қысқа мерзімдік дайындықтан өткізді де, дұшпанға қарсы қиян кескі күрестің алдыңғы шебiне жіберді. Көппен бірге қар кешіп, мұз жастанды. Әрине, әу бастағы армандап шыққан бауырларына жолығуды да ұмытпады. Артындағы елі арқылы олардың да Қан майданда соғысып жүргендерін бiлiп тұрды. Сөйтсе, 3 - Белоруссия майданында, бір бағытта, типті, жақын маңда фашистермен соғысып жүріпті. Сонда көкiрегiн сағыныш кернеп, іргелес әскери бөлімдердегi бауырларымды бiр көрсем деп армандады.

Бірақ, бас көтертпеген ұрыстар олармен кездесуге ешқандай мүмкіндік бермедi. Қарға адым жердегi бауырларыммен кездесе алмағанына өкініп, жолдастарнына байқатпай, көзінің жасын сығып алатын. Жауды тықсыра куған шабуыл Германияның шығыс Пруссияга жеткенде қанаттас келе жатқан бауырларымен хабар үзіліп қалды. Өзі де немістердің Балтык жағалауында мықты бекiнiсiнде ауыр жарақатанып, госпитальға түсті. Арманға айналған бауырларымен кауышуга жазбады. Көрер тіршілігi бар екен. "Қырық күн қырғын болса да, ажалы жеткені өледі" деген рас екен. Нурсейiт атам аяғынан, көзінен жараланып, госпитальда ұзақ емделді. Аяғын кестіруге келіспей, оң аяғы бүгілмей қалгандыктан Берлинге 15 шақырым қалғанда бораған оқ пен аждаhа шашқан оттан аман қалып, 1945 жылы қаңтар айында елге оралыпты. Осы шайқастардың кейбір куәлері мен белгілі тарихшылардың айтуынша, қазақ жауынгерлері шайқас кезінде де таңғажайып ерлік көрсеткен.

Бұған дәлел, жазушы Сабит Мұқановтың қаныпезер Гитлердин соғыстағы қазақтар даңқына қанық екенің айғақтайтын әңгімесінде жазылған. Біздің жаужурек аталарымыздың ерлігiне куә болған әйгілі қаламгер Илья Эренбургтин 1942 жылы "Правда" газетиiнде жарық көрген "Қазақтар"деген еңбегінде: "Қазақтар сайын далада сәйгулiкпен жүйткуге дағдыланған. Олар керек болса, жер бауырлап, еңбектеп те кетеді. Зымырап жүгереді де, тау тасқа да өрмелейді. Оларды еш нәрсе тоқтата алмайды", - депті.

Қатардағы жауынгер Агайдаров Нурсейiт соғыстан омырауына "Кызыл жұлдыз" 1 дәрежелі "Отан соғысы" ордендерiн, "Ерлігi ушiн", "Ерен еңбегі ушiн","Совет одағының маршалы Г.Жуков","Фашистік Германияны жеңгені ушiн","Белоруссияны азат еткені ушiн" медальдарын тағып оралды. Ұлы Жеңістің 20,30,40 жылдық мерекелік медальдары да тапсырылды.

Нурсейiт ата мен Мәжит атам соғыстан оралғаннан кейін екінші отаны Тәжікстанда 1937 жылға дейін тұрды. Бұлар майданнан оралғанда "Бай баласы" деген желеумен сотталған Байсейiт атам бостандықка шығыпты. Нурсейiт атам денсаулығына байланысты женил жұмыстарды атқарды. Мәжит атам ауыл шаруашылық министрлігінде жауапты қызмет атқарды. 1957 жылы Нурсейiт атам екі инiсiмен Теректі станциясына көшіп келіпті.

Дүниенің астан кестенін шығарып, сәт сайын гүрс гүрс жарылған бомба, ысқыра зулап қарша бораған оқ арасымен өтіп, әлемді тітіркеніп жау ордасы шаңырағына ту тiгу адамзат баласының алғаш ғарышқа көтерілуiнен де асқан ерлік! Отанының жарқын болашағы ушiн ешнәрседен тайынбайтын, ерлік пен орлiктi, батылдық пен қайсарлықты бойына сіңірген аталарыммен мақтанамын.

Ежелден ер деген атымыз шыққан халықтың ұрандары ерлерiнiн есімдерін ешқашан да ұмытпайды. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға құрмет, ата бабаларымыз ға, тарихымызға бүгінгі және келер ұрпаққа деген iзгi iлтипат. Теректі станциясында Ұлы Женистин 70 жылдығына арналған Отан қорғауға аттанған майдангерлерд iн ескерткіш тақтасында Нурсейiт атамның суреті илiнген бізге мактаныш.

Нравится