Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 марта 2020 14:41

Қазақ музыка білімін зерттеген ғалым Сара Күзембай дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сара Күзембай. Фото: "Алматы ақшамы" газеті Сара Күзембай. Фото: "Алматы ақшамы" газеті

Көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Сара Күзембай 83 жасқа қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өкілдері естіртті.


Көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Сара Күзембай 83 жасқа қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өкілдері естіртті.

Институт мамандарының мәліметінше, ғалым 16 наурызда қайтыс болған. 

"М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану докторы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" ордені мен "Еңбек ардагері" медалінің иегері Сара Әділгерейқызы Күзембайдың 2020 жылдың 16 наурызында 83 жасқа қараған шағында өмірден өткенін естіртеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сара Әділкерейқызы дәстүрлі және қазіргі заман музыкасының әртүрлі аспектілерін, ұлттық өнер жолының тарихи-теориялық қалыптасуын, композиторлық шығармашылықтың көркемдік-стильдік бағыттарын, Шығыс және Батыс Еуропа мәдениетіндегі фольклорлық жаңашылдық белгілердің тоғысуы сияқты күрделі проблемаларды, сонымен қатар, музыкалық театрдың қалыптасуы және дамуын, орындаушылық өнердің асқан шеберлерінің шығармашылығын терең зерттеген.

Жарты ғасырлық ғылым жолында 500-ден астам ғылыми және музыкалық сыни еңбектер жазды, 15-ке жуық монография, ғылыми кітаптар мен зерттеулер жариялады.

"Сара Әділгерейқызы Күзембайдың есімі республика көлемінде ғана емес, елімізден тыс жақын және алыс шетелдерге танымал. 2004 жылы "Әлемнің көрнекті әйелдері" атағына ие болып, ғалымның есімі АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан дүниежүзілік өмірбаяндық институтының кітабына енген болатын.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген институт ұжымының хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети