Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 апреля 2024 09:17

Сәуірде қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сәуірде қазақстандықтарды біраз өзгеріс күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.


Сәуірде қазақстандықтарды біраз өзгеріс күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.

  • Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығын төлеуді еске салды

Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуді еске салды.

"2 сәуірден бастап төлемегендерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Кейін қарыздар мәжбүрлеп өндіріледі", - деді мемлекеттік орган өкілдері.

  • 1 сәуірден бастап кімдер қоғамдық көлікте тегін жүреді?

1 сәуірден бастап ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

Өңір басшысы Асхат Шахаров ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

"Жуырда қаламыздағы автобус паркі жаңа 30 автобуспен толықты. Тағы да жаңа 65 автобус әкелінеді. Қала тұрғындарын қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуде биыл қаржы мәселесін шеше отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік жасаймыз. Бұл бастама алдағы сессияларда қаралып, шешілетін болады", - деді облыс басшысы.

Tengrinews

  • Сәуірде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Сәуірде мемлекеттік мерекелер атап өтілмейді. Сондықтан бұл айда тек сенбі-жексенбі күндері ғана демалыс.

  • 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 8 күн демалыс;
  • 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 4 күн демалыс.

  • 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электрон үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 370 мыңнан аса бала барады деп жоспарланып отыр.

Балалар 1-сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

  • Ассамблеясы сессиясы өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.

  • Ораза аяқталады

2024 жылы қасиетті Рамазан айы (Рамадан) 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қалалар бойынша Ораза күнтізбесін жариялаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.57   490.7   4.88 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети