Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 ноября 2019 15:19

Атақты әншінің 21 жыл бұрын жоғалған бауырын кім өлтірген: Прокуратура істің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, "Тараз триосы" тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. 


Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, "Тараз триосы" тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. 

Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 1 тамызда Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы ағасы 1950 жылғы Кеңесхан Мәдіхановтің 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені бойынша арыз түсірген. Ол арызында Мойынқұм ауылының тұрғынынан ағасын 1998 жылы қасақана өлтіргені бойынша күдіктенетінін жазған. 


Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған үй

"Аталған қылмыстық іс қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 16 қарашада іс бойынша күдікті ретінде жауап берген 1958 жылғы Е. Т. өзінің жауабында шын мәнінде Кеңесхан Мәдіхановты мылтықпен атып жібергенін және мәйітті өзінің Мойынқұм ауылы, Абылайхан көшесі №105 үйінің ауласына көміп тастағанын көрсетті. Қазіргі таңда Мойынқұм аудандық ПБ-нің аға тергеушісі М. Ермегеев Кеңесхан Мәдіхановтің өліміне себеп болған мән-жайларды анықтауға бағытталған сот комиссиялық сараптамасы тағайындады, ал мәйіттің қаңқа сүйектері сараптамаға жолданды", - делінген ресми жауапта. 

Осыған байланысты Мәдіхановтің өліміне себеп болған жағдай процессуалдық тұрғыда анықталғанға дейін Е.Т. қатысты "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық қолхаты" қолданылып отыр екен. Тиісті сараптаманың қорытынды нәтижесімен, оны қамауға алу мәселесі шешіледі.


Мәйітті қазып алу сәтінде түсірілген сурет

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу нәтижесімен Е.Т. қылмыстық әрекетіне заңды баға беріледі. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - делінген прокуратураның ресми жауабында. 


Кісі қолынан қаза тапқан Кеңесхан Мәдіханов

Осыған дейін, Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 

"Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің құжаттары да бар", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Мойынқұмдағы сұмдық. Атақты әнші 21 жыл бұрын жоғалған ағасын өлтіргендерді тапты

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети