Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июля 2019 19:56

"Джеки ағаның бөлмесiнде". Димаш Құдайберген атақты актермен жаңа суреттер жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джеки Чан мен Димаш Құдайберген. © instagram.com/kudaibergenov.dimash Джеки Чан мен Димаш Құдайберген. © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен бірге түскен суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен бірге түскен суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші актердің бөлмесінде концерттен кейін әңгімелескен. Суреттерге қарағанда, актер қазақстандық орындаушыға сыйлық берген.  

"Концерттен кейiн Джеки ағаның бөлмесiнде. Концерттi аман-есен аяқтап, ағамен әңгiмелесiп отырған сәт", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында кездесуден суреттер жариялай отырып.

Джеки Чан бұрынғы кездесулерінің бірінде Димашқа күртешесін сыйға тартқан болатын.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Айта кетейік, мұның алдында Димаш Құдайберген Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер фестивалінің ашылу салтанатында үш бірдей ән айтқан болатын: The Crown, Screaming және Unforgettable Day. Соңғы композициясын ол тайванның танымал әншісі Терри Линмен бірге айтқан.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Таяуда Димаш Құдайбергеннің репетициясынан видео жарияланған еді. Оның кадрларынан Джеки Чанның қазақстандық әртістің өнеріне тәнті болғанын көруге болады.

"Оқырмандарың үшін не істемейсің". Instagram-да жазылушысы ең көп қазақстандықтар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети