Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 сентября 2019 16:19

"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Хамитова Жанар Хамитова

Бүгін "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған. Әншілік карьерасын қайта бастауға талпынып жүрген ол 30 жасында дүниеден өтті. Тengrinews.kz тілшісі Жанар Хамитова туралы мәліметтерді жинап шықты.


Бүгін "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған. Әншілік карьерасын қайта бастауға талпынып жүрген ол 30 жасында дүниеден өтті. Тengrinews.kz тілшісі Жанар Хамитова туралы мәліметтерді жинап шықты.

"Нұржан лақтырып кетті"

Жанар Хамитова 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген. Шығармашылыққа жақын болған ол кішкентай кезінен спортпен де шұғылданған. Бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. Ал 8-сыныптан бастап үлкен сахналарға шыққан.

Хамитованың есімін ел 2006 жылы алғаш естіген. Жас әнші сол жылы Super Star KZ жобасының үшінші маусымына қатысқан. Бұл мега-жобада жас әнші 8-орын алды.

Жас әнші шығармашылық карьерасын қыздардан құралған China Town тобында бастады. Көп ұзамай Super Star KZ жеңімпазы Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтін құрды. Жанар мен Нұржанды топта шығармашылық қана байланыстырған жоқ. Олар елдегі ең жарасымды жұп саналатын. Ғашық жұп бірден хит әндердің авторы атанды. Олардың "Егіз-лебіз", "Сенен басқа" атты әндері көптің көңілінен шыққан.

Бірақ дуэттің ғұмыры ұзаққа созылмады. 2009 жылы күтпеген жерден Жанар топтан кетіп қалды. Биыл КТК телеарнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұхбатында ол топтан неге кеткенін айтқан.

"Нұржан мені лақтырып кетті. Біріншіден, менен ақша алып, қайтармай қойды. Екіншіден, ата-анасымен бірге мені туыстарымның алдында масқара етті. Өткенге оралғым келмейді, бірақ мұның нүктесін қою керек. Жасым 17-де болды, бұл оның қатесі, менің қатем. Сол үшін жауап бердім. Садақа, сол ақшамен бірге шіріп кетсін", - деп дөрекі айтқан еді ол.


© kyn.kz

"Автотұрақты сыпырып, күтуші болдым"

"Арнау" тобынан кеткеннен кейін Жанар Хамитова көп ұзамай күйеуге шықты. Сол кезде БАҚ беттерінде Хамитованың жары бай адам екені жарияланған.

Хамитова жарымен бірге 11 жыл шетелдерде өмір сүріп, былтыр жұп ажырасқан.

"Америкада және Амстердамда тұрдық, соңғы уақытта Түркияда болдық, балаларға теңіз ауасы қажет болды. Оған алғысым шексіз. Ол болмаса, мен тірі жүрмес едім. Оған екі ұл сыйладым. Үлкенім 7-де, кішкентайым 6-да. Олар қазір әкесімен тұрып жатыр. Неге оңай бас тарта салдым? Себебі балаларға әке қажет. Онымен бірге өссе жақсы болады", - деді Жанар бағдарламада.


© time.kz

2018 жылы қыркүйекте күйеуі Жанардан үйден кетуді талап еткен. Ол кезде отбасы Түркияда тұрып жатқан. Шетел болғандықтан жалғыз Жанарға өмір сүру қиын болған екен.

"Түркияда 10 баксқа тұрақтарды сыпырдым, 1000 лираға күтуші болдым, көршілердің үйін жинадым. Қазір Қазақстанға келіп ыдысжуушы болып жұмыс істеп жатырмын, отбасылық жұппен пәтер жалдап тұрамын. Көмек сұрағанымда, ешкім көмектеспеді. Ыстық сусыз, үйсіз өмір сүрдім. Пәтер жалдау үшін 300 мың теңге несие алдым. Қазір төлеп жатырмын. Мен тілдерді білемін, бірақ дипломым жоқ. 30 жылымда 20 рет өміріммен қоштасқым келді - тамырымды кестім, асылып өлмек те болдым", - дейді Жанар.

"Психологқа барғым келеді"

Қазақстанға оралған соң Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын қайта бастағысы келетінін айтқан. Сол кезде оған әріптесі Сиви Махмуди қол ұшын созған еді. Махмуди Хамитоваға мейрамханада әнші болып қызмет етуді ұсынған.

Бірақ көп ұзамай Жанар мен Сиви өзара серіктестігін тоқтатқаны белгілі болды. Махмудидің айтуынша, Жанардың көңіл-күйі жиі өзгеріп, тұрақты жұмыс істеуге дайын болмаған.


© instagram.com/zhanara_khamitovana__official

Жанардың өзі Сивидің сөзімен келіскенге ұқсайды. Ол "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында денсаулығын ойлап, психологқа жүгінетінін айтқан болатын.

"Бұл өте қиын, шаршадым, менде депрессия болып жатыр. Күш жинауым керек. Әлі де сахнаға шығуға қорқамын... Негізі көп алдына шықпайтын ұялшақ адаммын. Қазір маңыздысы - денсаулығым, соны жақсартуым керек. Психологқа барғым келеді", - деген еді Жанар.

Оқи отырыңыз:

"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты

Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети