Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 августа 2020 14:11

"Халық таңғы 5-тен бастап жиналады" - саумалды кәсіп қылған келіншек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқырман жолдаған сурет Оқырман жолдаған сурет

Соңғы кездері қазақстандықтар пандемияға байланысты халық емі ретінде жаппай саумал алып жатыр. Саумал пневмония мен коронавирустың алдын алады деп сенген халық таңғы сағат 5-тен бастап кезекке тұрады. Біреулер литрін 700-800 теңгеден сатса, тағы біреулерде бағасы 1500 теңгеге дейін барады. Tengrinews.kz тілшісі саумалдың бұл дерттен айығуға қаншалықты көмектесетінін анықтап, саумал бизнесімен айналысатын кәсіпкер келіншекпен сұхбаттасып көрді.


Соңғы кездері қазақстандықтар пандемияға байланысты халық емі ретінде жаппай саумал алып жатыр. Саумал пневмония мен коронавирустың алдын алады деп сенген халық таңғы сағат 5-тен бастап кезекке тұрады. Біреулер литрін 700-800 теңгеден сатса, тағы біреулерде бағасы 1500 теңгеге дейін барады. Tengrinews.kz тілшісі саумалдың бұл дерттен айығуға қаншалықты көмектесетінін анықтап, саумал бизнесімен айналысатын кәсіпкер келіншекпен сұхбаттасып көрді.

Қымыз бен саумал сатып үй тұрғызған шымкенттік Перизаттың бұл бизнеспен айналысқанына 10 жылдан асыпты. Ал енесі болса 30 жылдан аса уақыт бие сауып келеді екен.

"Бізде қымыз бен саумалға тапсырыс бұрында да көп болатын. Бірақ бұл жолы тапсырыс тіптен көбейді. Саумал ішетіндер саны азаяр емес. Бастысы бізде бағасы бұрынғыша, қымбаттатқан жоқпыз, литрі - 600 теңге. Әр 2-3 сағат сайын сауамыз, күніне 5-6 рет сауылады. Мысалы, таңертең сағат 08.00, 10.00, 12.00 және 14.00, 17.00, 19.00-де сауылады. Кейде тіпті үлгере алмай кетеміз. Саумал емес, қымыз түрінде алып кететіндер де көп", - дейді Перизат.

Шымкенттік кәсіпкердің айтуынша, саумал алуға жергілікті тұрғындар ғана емес, шалғай аумақтардан да жұрт жаппай келіп жатыр. Таңғы 5-тен бастап келеді дейді Перизат. Кейбіреулері бірден 8-10 литрге тапсырыс беріп кетеді екен.

Расында да саумал алатындардың саны күннен-күнге көбейіп, саумал бизнесі жанданып жатыр.

Қымыз бен саумал сататын бұл жер Алматы маңында орналасқан екен.

Сатушылардың айтуынша, биені екі сағат сайын сауғанның өзінде саумал жетпей жатыр. Бір адамға тек 0,5 литр беріледі, одан көп болмайды екен. Сондықтан болар онда бірден бір үйдің 2-3 адамы келіп, әрқайсы қолына рұқсат етілген жарты литр саумалын алып қайтып жатыр. 0,5 литр саумал үшін 2-3 сағат тұрамыз дейді келушілердің бірі.

Дәрігер Рабиға Жақыпова сауылғаннан кейін 2 сағат асқанға дейін саумалдың ешқандай қасиеті жоғалмайды дейді. 

"Саумал бірінші кезекте иммунитетті көтереді. Оның құрамында ақуыз, кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты қажет минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Ал дәл қазіргі жағдайда - пандемияда бұл ең бастысы. Онсыз ешқандай вирусты жеңу мүмкін емес. Сондай-ақ, саумал туберкулез, асқазан-ішек жолдары, бауыр ауруларының алдын алып, созылмалы аурулардың асқынуына жол бермейді", - дейді дәрігер.

Дәл қазіргі жағдайға тоқталатын болсақ, дәрігер өкпе ауруы немесе коронавирустың алдын алу мақсатында саумалды күніне 2-3 рет бір кеседен кем дегенде 5 күн ішу керек дейді. Кейін тағы 10 күннен қайталауға болады деп кеңес береді дәрігер.

Жақыпованың айтуынша, саумал пневмониядан емдемесе де, ағзаны вируспен күресуге дайындап, дерттің асқынуына жол бермейді. Ал ең бастысы өкпе қабынуының алдын алады дейді.

Коронавирусқа байланысты маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.57   490.7   4.88 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети