Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 мая 2019 11:10

Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан әкімдігінің өкілдері желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан әкімдігінің өкілдері желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WatsApp, Instagram әлеуметтік желілерінде жұмысшылардың аяқжол төсенішін жинап жатқан сәтінен видео тараған. Ролик авторы қалаға жоғары лауазымды тұлғалар келгенде төселіп, кеткенде жол тастары қайта алынып жатыр деп мәлімдеген.


Видео кадрлары

Ал шаһар әкімдігінің өкілдері видеода түсірілген аумақ - Түркістан қаласы Тәуке хан даңылы мен Кенесары хан көшесінің қиылысы екенін айтады.

"Қазіргі таңда Түркістан қаласының Тәуке хан даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қала аумағында нысандар салумен қатар жолдардың жөнделіп жатқанын да ел біледі. Аталған нысанға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында бармаған. Яғни, премьер-министрдің сапарына арнайы салынды деген дерек - жалған", - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Негізінде автор видеоға түсіріп жатқан сәтте мердігер мекеменің жұмысшылары өздері сапасыз орындаған 30 шаршы метр жуық аумақ аяқ жолды қайта төсеу мақсатында жинап жатқан екен.

"Яғни Тәуке хан даңғылының Кенесары хан, Ыбраев кошелері аралығындағы 30 шаршы метр жуық аяқ жол төсеніші (Брусчатка) жиналып жатқан сәт жұртшылыққа тарап отыр. Бүгінде жиналған құрылыс материалдары талапқа сай реттеліп, (брусчатка) аяқ жолдың ақаулары түзетіліп, орнына қайта орнатылды", - деген әкімдік өкілдері жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік арқалайтынын ескертті.


Суреттер Түркістан қаласы әкімдігінен

"Облыстың орталығы Түркістан қаласының сәулеті мен құрылысын дамыту барысында қазіргі таңда нақты жобалар мен жоспарлар жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес қаланың жол инфрақұрылымын дамыту бойынша биылғы жылы 102,4 шқ аяқ жолдар, 67,9 шқ түнгі жарықтандыру жүйесі, 55,7 шқ арықшалар (лоток), 26 шқ веложолдар жүргізілетін болады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети