Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2020 16:31

Пайызсыз кредит, лас ауа және кептеліс. Сағынтаев айтқан 10 маңызды мәселе

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Бақытжан Сағынтаев

Бүгін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуін өткізді. Halyk Arena-дағы кездесуге 3200 адам қатысқан. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде жүргізілді. Кездесу барысында Сағынтаев қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдап, маңызды мәселелер бойынша жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі төрт сағатқа созылған жиында айтылған маңызды мәселелерге шолу жасады. 


Бүгін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуін өткізді. Halyk Arena-дағы кездесуге 3200 адам қатысқан. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде жүргізілді. Кездесу барысында Сағынтаев қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдап, маңызды мәселелер бойынша жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі төрт сағатқа созылған жиында айтылған маңызды мәселелерге шолу жасады. 

Кездесу басталарда алдымен Алматы қаласында болған өзгерістер мен қаланы көркейтуге арналған шаралар туралы ролик көрсетіліп, артынша Бақытжан Сағынтаев қысқаша баяндама жасады. Артынша қала тұрғындарының сұрақ қою рәсімі басталды. 

Қоғамдық көліктердің мәселесі

Бақытжан Сағынтаев Алматыда қоғамдық көліктердің мәселесі өзекті екенін айтып, жаңа 14 бағыт пайда болғанын мәлімдеді. 

"Биылға тағы 24 маршрут жоспарланып отыр. Барлығы 38 жаңа маршрут болады. Мұны айтып отырған себебім, күндізгі уақытта жолаушы саны 73 адамға дейін жететін автобустар бар. Бізге ықшамаудандардың тұрғындары баласын мектепке, балабақшаға жеткізе алмай отырғанын айтқан болатын. Бұл проблемаға айналып барады. Бізге тұрғындардың өтініші маңызды", - деді әкім кездесуде.

Сағынтаевтың айтуынша, қоғамдық көліктерге 40 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінеді.

Жылу электр станциясын газға ауыстыру туралы

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы экология мәселесін көтерді. Әкім мегаполис тұрғындары тұмшадан арылу мәселесі алаңдатып отырғанын айтты. 

"Мен Алматыға әкім болып тағайындалатынымды сіздерден сәл ертерек білдім. Бұйрық менің қолымда болған. Тағайындалғаннан кейін жолда танысып алу үшін әріптестерімнен Алматыға қатысты қандай да бір мәселелер туралы материал сұраттым. Маған әлеуметтік сауалнама туралы қағаздарды берді және тұрғындарды алаңдататын ең бірінші мәселе - экология. Шамамен 65-67 пайыз. Тұмша негізінен жылу электр станциясы мен қоғамдық көлік салдарынан пайда болады", - дейді қала әкімі. 

Сағынтаев тағайындалғаннан кейін екінші күні жылу электр станциясына барып, оның жұмысымен танысып қайтқанын айтты. Әкімнің айтуынша, жылу орталықтарын газға ауыстыру мәселесі туралы келіссөздер жүргізілген. 

"2017 жылы Елбасы Алматыға келген кезде жылу электр станциясын газға ауыстыру туралы хаттамалық тапсырма берілген екен. Бұл мәселені қолға алдық. Неліктен "Самұрық-Энерго" тарапынан белсенді жұмыс жүргізілмей жатыр? Бүгінде наурыз-мамырда мердігерлер бұл мәселе бойынша алдын ала мәлімет береді. Бірақ мамандар газға көшу тариф бағасына әсер ететінін анықтады. Ал бұған халық дайын ба? Мен оларға бұған басын қатырмасын дедім. Олар (мердігерлер - автор) өз жұмысын жасай берсін", - дейді қала басшысы. 


© Әлихан Сариев

Микроавтобустар ластану деңгейін өлшейді

Экология мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берген әкім микроавтобустарға жолда ауаның ластануын анықтайтын арнайы құрылғы орнатылатынын айтты. Енді арнайы микроавтобустар Алматыдағы ластану деңгейін өлшейді. 

"Қазір 10 микроавтобус сатып алмақпыз. Олар жолда нақты қандай көлік ауаны ластайтынын анықтауға көмектесетін құрылғыларды орнатамыз. Оларды айыппұл тұрағына апарады. Ол құрылыс материалын, дүкендерге азық-түлік тасып бара ма әлде ол жай автобус па - маңызды емес. Адамдарды түсіреді, болды. Басты міндет - көліктің бұл түрінің қозғалысын тоқтату. Сол кезде көлік иесі жауапкершілікпен қарайтын болады", - деді Сағынтаев жиында. 

Алматылықтарға газ орнату үшін пайызсыз несие беріледі

Жиында газ мәселесі туралы сауалдар өзекті болғаны сөзсіз. Сағынтаев кездесуде енді алматылықтар үйіне газ орнатып алуы үшін "Халық банк" пайызсыз несие беретінін айтты. 

"Газдандыру бойынша. Бұл - өзекті мәселенің бірі. Әсіресе Түрксіб пен Алатау аудандарында. Магистраль және тарату желілері жоқ. Осылайша газдандыруда мәселе туындап отыр. Үш мыңға жуық үй бар, оның 300-і - жағдайы төмен отбасылар. Жағдайы нашар отбасылардың мәселесін шештік: қазір "Халық банкпен" ақылдастық.

Одан бөлек, "ҚазТрансГазАймақ" - 148 мың, басқа мердігерлер 250 мың мен 350 мың аралығында алады. Ол кішкене тиімсіз. Бүгінде бағдарлама әзірленді. "Халық банк" жағдайын нашар отбасылардың газдандыру бойынша шығынын көтермек. Қалғандары қаржы алып, газ орнатып алуы үшін пайызсыз несие береді. Ол бір немесе одан көп жылға берілуі мүмкін: оны банкпен келісіп шешеді", - деді Сағынтаев.

Алматыда жекеменшік балабақшалардағы орынды әкімдік төлейді 

Сағынтаев балабақшаларда әлі де орын жетіспейтінін және тұрғындардың көбі балаларын мемлекеттік балабақшаға бергісі келетінін айтты.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар ашу үшін мемлекеттік тапсырыс беріледі.

"Бізге қолдау көрсетілді, таяуда бұйрық шығады. Сол кезде жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар пайда болады. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді, бағалары бірдей болады", - деді Сағынтаев.

Қала әкімі осы мақсатта қала бюджетінен шамамен үш миллиард теңге бөлінетінін айтады.

Сағынтаевқа жарнама баннерлеріне танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды

Әкімге сұрақ қою барысында тұрғындардың бірі қаладағы жарнама баннерлерінің санын азайтып, орнына танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды.

Қала әкімінің айтуынша, қаладағы LED экрандарда жарнаманың 25 пайызы - әлеуметтік жарнама.

"Нақыл сөздер бойынша, ондай сөздер біздің баннерлерде жазылып тұр. Қазір Абайдың сөздерінен, қара сөздерінен шығып жатыр. Жолда өтіп бара жатқан кезде қарасаңыз LED экрандарда жарнаманың 25 пайызы - әлеуметтік жарнама. Сол әлеуметтік жарнаманың әсерінен нақыл сөздері кетіп жатыр. Оны тағы да бір қарап шығуға болады", - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Бақытжан Сағынтаев неге жаны ауыратынын айтты

Алматы тұрғындары сұрақ қою рәсімінде әкімнің қабылдауына кіре алмайтынын айтып, шағымданды. Бақытжан Сағынтаев мұндай мәселе не үшін туындайтынын түсіндіріп берді. 

"Менің қабылдауыма кіре алмадық деп айтқан кезде мен де таңғаламын. Әрқашан халықпен кездесіп жүремін, бірақ сонда да маған осы сұрақ қойылады. Қабылдауға кіретіндерді қалай бөлетінін Instagram желісінен көре аласыздар. Қарапайым халық менің қабылдауыма кіріп жүр", - деді әкім. 

Бақытжан Сағынтаев басқармаларының біріне осы мәселені шешуді тапсырды. 

"Бәрі ашық болуы үшін, мұндай әңгімені енді естімеуім үшін Цифрландыру басқармасына тапсырма бердім. Мұны электронды түрде жасауға болады. Мысалы, балабақша кезегі секілді, сондай платформа жасаймыз. Сол жақта кім және қашан менің қабылдауыма жазылғанын көруге болады. Бұл сұрақтың сәт сайын қойылатыны жанымды ауыртады. Адамдарды қалай бөлетіндерін білмеймін. Мен ашықпын", - деп түсіндірді әкім. 

Алматыда туристік трамвай іске қосылады

Кездесуде қала тұрғындары Алматыға трамвайларды қайтару мәселесін көтерді. Әкімнің айтуынша, қоғамдық көліктің бұл түрін қайта іске қосу үшін қыруар қаражат керек болады. Алайда Сағынтаев туристік трамвайды іске қосуға уәде берді. Туристік трамвайды Көк базар жақта салуға болады екен. 

"Туристік аймақ құру жоспарымызда бар. Ескі трамвай сатып алсақ. Осылайша қаламыздың келбетін сақтай аламыз, бізде трамвай да, бағыты да бар. Туристер келген кезде оларға трамвайға мініп, серуендеуді ұсынамыз. Туристер трамвайға отырып ескі үйлерді де, туристік аймақтарды да көре алатын болады", - деді қала басшысы. 

Айта кетейік, трамвай желісі 2015 жылы қазанда болған ірі жол апатынан кейін жұмысы тоқтатылған. 2019 жылдың қазанында Мемлекет басшысы Алматыда трамвайларды тоқтату "даулы шешім" болғанын айтқан.  

Селге тоқтауыл болатын екі бөгет салынады 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, сел болған жағдайда тосқауыл болатын бөгет керек. Бүгінде екі бөгет салуға арналған дайындық жұмыстары аяқталған. 

"Сел мәселесі бойынша айтатын болсақ, жоғарыдан бөгет салуымыз керек. Бөгет болмай сел жүретін болса, алдыңғы жылдардағыдай үрей үстінде жүреміз. Сол себептен қазір мамандармен бірге бөгет қою жобалары жасалды. Былтыр жазда премьер-министр келген кезде ол кісіні сол жерге апарып, көрсеттік.

Сол жерде Ішкі істер және Қаржы министрлігіне екі бөгеттің құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша тапсырма берілді. Қазір дайындық жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта осы екі бөгет салынатын болады. Ол үлкен қауіптерге тосқауыл бола алады. Бұл - әкімшілік үшін маңызды сауал", - деді қала әкімі. 


© Әлихан Сариев

Қордайдағы қақтығыс: Сағынтаев барахолканың не үшін жабылғанын айтты

Оның айтуынша, Қордайдағы қақтығыс туралы хабар келіп түскен соң Алматының барлық қызметі жұмысты күшейтті. Олардың ішінде құқық қорғау органдары мен әкімдіктің қызметкерлері бар.

"00.00-ден кейін базарларымыздың барлық басшысы, директоры жиналды. Оларға жағдайды айттық. Түнгі сағат 12-де барлық базарды демалыс күні болса да жабу туралы шешім қабылданды. Бұл әр адамның қауіпсіздігі үшін жасалды. Біз ол шешім дұрыс деп санаймыз", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, әкім барахолка маңындағы "Шапағат" ықшамауданының қоршауға алынғанына қатысты пікір білдірді.

"Біз Қордайда не болғанын көрдік. Алматыда ондайға жол бермеуіміз керек болды. Полиция барлық аумақты қарап жүрді. Барлығы күзетілді. (...) Әркім өзі үшін сөйлеуі керек. Отан отбасынан басталады. Отбасы үшін жауап бер, отбасы үшін алаңда", - деді әкім.

Төрт сағатқа созылған жиынның ресми бөлімі алматылық ақсақалдың Сағынтаевқа бата беруімен аяқталды.

Алматылық ақсақал Сағынтаевқа жемқорлық туралы бата берді 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети