Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2024 11:13

"Қызыл су үйге кіріп келді". Атырау тұрғыны 30 жыл бұрынғы апатты есіне алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan Фото: Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

Атыраудан Құлсарыға қатынайтын халық нөпірі қалың. Гуманитарлық пойызбен қарапайым қарашадан бөлек, қызыл судың ортасында қалған азаматтарға азық-түлік тиелді. Massaget.kz тілшісі қаладағы жағдайды көзбен көру үшін Құлсарыға арнайы аттанды.


Атыраудан Құлсарыға қатынайтын халық нөпірі қалың. Гуманитарлық пойызбен қарапайым қарашадан бөлек, қызыл судың ортасында қалған азаматтарға азық-түлік тиелді. Massaget.kz тілшісі қаладағы жағдайды көзбен көру үшін Құлсарыға арнайы аттанды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

Гүлжан әжеймен әңгіме-дүкен құрып отырғанымызға жарты сағат болды. Зейнет жасының жетеуіне шыққан қарияның көңілінде кірбің бар. Бар ойы қызыл судың қоршауында қалған Шоқпартоғай ауылы. От арбаның ішіндегі әңгімеде осыдан отыз жыл бұрынғы тасқында сөз болды. Әжейдің әжім басқан жанарында Жем өзені арнасынан асқан 1993-жыл көрген түстей сақталып қалыпты.

Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

"Кешке қызыл су үйге кіріп келді. Жұрттың бәрі жеп жатқан тамағын тастап тысқа ұмтылды. Менің қайнымның үйі кетті. Оның үйі ағаш пен қамыстан салынып аман қалды. Саман тастан салынған үйлердің бәрі құлады. Кейін үйлердің бәрін ақ тастан салды ғой. Халық бірігіп өздері салды ғой, үйлерді. Техника деген болған жоқ. Биыл да жан-жақтан су келіп жатыр. Қазір бұл жерді "Бесінші ауыл" деп атайды. Отыз жылда үйлердің барлығы жаңаланды", - деп есіне алды.

Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

Өмірдің түрлі-түрлі соқпасын көрген қария Атырауды тастап ауылына аттанып бара жатқандардың бірі. Немерелерін көру үшін, отбасымен бірге болу үшін қауіпті аймаққа алып-ұшып барады. Тасқын суға тосқауыл қою үшін қаймығып тұрып қашпайтын, беттей алмай тұрып безінбейтін тік мінездің керегін қария жақсы біледі.

Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

"Мен ол кезде Шоқпартоғай ауылында болдым. Затымыздың бәрін арбаға тиеп қойып отырдық. Сол кезде іргемізден су соғып жатыр. Бірақ абырой болғанда аман қалдық. Биылғы қарғын су тіптен жаман. Шоқпартоғай ауылы аралда тұрғандай. Айналасы топан су. Бірақ түнімен ер азаматтар көз ілмей бөгеттер жасап жатыр. Құлсары суға кеткен соң біздің ауылды бұзғысы келіп тұр. Дегенмен Құлсарыға қатынайтын жолды бұзып кетті. Атырауға қатынас жоқ. Енді не боларын білмеймін?! Үйді тастап бала-шағамен Бейнеу, Ақтауға көшіңдер деп жатыр. Бірақ көппен көрген ұлы той деп отырмыз. Жақында Атырауға келіп едім. Енді отбасыммен, шалыммен бірге болайын деп ауылыма бара жатырмын", - дейді қария.

Қос қаланың арасын жалғаған гуманитарлық пойыз 4 сәуірден бастап жүре бастапты. Алғашында 15-20 адам апатты аймаққа жол тартса, кейін көмек қолын созуға құлшынғандардың қарасы артқан.

"Кеше 700-ге жуық адам болды. Бұл пойыздар Мақат пен екіарадағы халықты тасыды. Күніне бір мәрте барып келеді. Бүгінде 300-400 адам жақын маңдағы ауылдарға, Құлсары қаласына кетіп барады. Тегін жүрудегі мақсат ең әуелі халыққа көмектесу. Адамдардан бөлек еріктілер толтырып тамақ тиейді", - дейді Атырау вокзалының кезекшісі Нұрсұлу Амирова.

Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan. Атырау вокзалының кезекшісі Нұрсұлу Амирова.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.58   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети