Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2020 20:46

Қордайдағы қақтығыста қарияның ауруханаға қандай жарақатпен түскені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордайдағы қақтығыста ақсақалдың ауруханаға қандай жарақатпен түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтып берді.


Қордайдағы қақтығыста ақсақалдың ауруханаға қандай жарақатпен түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтып берді.

Науқас Құдашбаев 18 ақпанда ауруханадан шығарылып, амбулаторлық ем қабылдауға үйіне жіберілген. Қазіргі уақытта ол үйінде, тұрғылықты жері бойынша дәрігердің қарауында екен.

"1943 жылғы науқас сол жақ сан сүйегінің жабық сынығымен, сынықтарының жылжуымен және кеуде қуысының жарақатымен түсті. Оған операция жасалды. Операциядан кейінгі кезең қалыпты өтті. Қазіргі уақытта науқас ауруханадан шығарылды, қанағаттанарлық жағдайымен үйіне жіберілді", - деп хабарлады басқармадағылар.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 19 ақпандағы жағдай бойынша өңірде үш науқастың ауруханада жатқанын хабарлады: бір науқас Қордай аудандық орталық ауруханасында және екеуі Тараз қалалық көпсалалық ауруханасында. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бұған дейін Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған

"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - деген еді Азамат Ерғали. 

Айтпақшы, мұның алдында қарияның екі баласын ұрып-соққандардың ұсталғаны хабарланған

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети