Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 апреля 2024 10:04

"Қашанғы жаяу жүреміз?" Алматының іргесіндегі ауыл тұрғындары жанайқайын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

"Аязда аяғымыз тайып, көктемде лай мен батпақ кешіп жүреміз". Алматы облысына қарасты "19 шақырым" ауылының тұрғындары ауылға кірмейтін автобустың кесірінен бір жарым шақырым жолды жаяу еңсеруге мәжбүр. Ал мемлекеттен қаржы алып отырған автопарктың басшылары "жол салынбаса ауылға кірмейміз" деп кесіп айтыпты. Әкімдік болса әлдебір заңды көрсетіп тұрғындардың талабын елемейтін көрінеді. "Жаз шықса жол саламыз" деген уәделеріне де жұрттың сенгісі жоқ. Жанайқайын айтқан жұрттың мәселесін Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Аялдама деген аты болмаса мұнда қоғамдық көліктің келмегеніне екі айдан асқан.

Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Тіршілігі қаламен байланысқан қалың ел қалаға қатынайтын қоғамдық көлікке міну үшін бір жарым шақырым жерді жаяу жүреді. Ауа-райы қолайсыз уақытта бұл жолды жүріп өту тіпті қиын.

Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

"Мен өзім 5 күн қалаға барып келіп жұмыс істеймін. Аяздарда аяғымыз тайып құлап, көктемде лай мен батпақ кешіп жүреміз. Қазір елдердің бәрі ораза ұстайды. Қаладан пакет-пакет зат алып келеді. Оның бәрін көтеріп бір жарым шақырым жерді жаяу жүруі керек. Автобустан түскен бойда аузымызды ашамыз. Үйге әлсіреп келеміз. Осыған дейін 1,7 шақырым жерге кіріп жүрген. Бірақ екі айдың төңірегі болды бізді адам құрлы көрмейді. Өткенде телеарнаны шақырып едік 1-2 күн кірді де қойды", - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Сартаева.

Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Тілшілер келсе ғана тірлігі түзелетін автопарк "Алматы облысының жолаушыларды тасымалдау компаниясына", яғни мемлекетке тиесілі. Тұрғындардың айтуынша автобустың маршрутына бұл аумақ кіреді екен.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов. Ауыл тұрғыны Хадиша Тоқтасыновна

"Автобустың маршрутында біздің көше бар. Олар сол үшін мемлекеттен субсидия алып отыр. Заң бойынша бұл маршрут бар ма, мердігер конкурсты жеңіп алды ма, субсидия алып отыр ма, шартқа қол қойды ма? Демек ол ауылға кіріп жүруі керек. Жол жақсы ма, жаман ба, ол - автопарктың проблемасы. Олар бұл мәселені субсидия алар кезде ойлануы керек еді. Әкімдік пен автопарк келісіп өзара мәселені шешуі керек. Ал бұлар өздері келісіп, халықты шырылдатып отыр", - дейді ауыл тұрғыны Хадиша Тоқтасыновна.

"Тозған қазды топтанған қарға алады" демекші, тозған елге автопарк пен әкімдік бірігіп қысастық көрсетіп тұрғандай. Себебі мемлекетке тиесілі автопарк адам басына 330 теңге субсидия алады. Ал халықтың қаржысына қызмет ететін қоғамдық көліктің ауылға кірмеуіне тұрғындар айтқандай жолдың нашарлығы себеп.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.57   490.7   4.88 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети