Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 мая 2024 09:25

"Жамалған көше керек емес". Іргелі ауылының тұрғындары жанайқайларын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget.kz / Саламат Сабыр Massaget.kz / Саламат Сабыр

Алматы іргесіндегі Іргелі ауылында асфальті бар көшелер ойылып, қара жол езіліп жатыр. Жол азабын тартқан тұрғындар әкімдікке талай арыз айтқан. Бірақ мәселе қолға алынар емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Алматы іргесіндегі Іргелі ауылында асфальті бар көшелер ойылып, қара жол езіліп жатыр. Жол азабын тартқан тұрғындар әкімдікке талай арыз айтқан. Бірақ мәселе қолға алынар емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұған қоса елді мекенге автобус жүрмейді. Ауылдағы жалғыз маршрут жекеменшікте. Оның өзі тозып тұр. Шағын көлікке адам сыймайды. Ал үлкен автобустар аялдама болмаған соң тоқтамайды.

"Ересектерді айтпай-ақ қоялық. Бірақ, балаларға обал болды. Қалаға барып, қатынау өте қиын. Оқушылар "Алтын Ордадан" түнде жаяу келеді. Кешкі уақытта ол базардың іші өте қауіпті. Небір адамдар жүреді ол жерде. Кейде балалар "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен бір шақырым жаяу жүріп әрең дегенде жетеді үйлеріне", - дейді ауыл тұрғыны Қатира Жүнісова.

Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр

Бұл мәселені ауыл әкімдігінің өкілдері білмейтін сыңай танытты. Бас маман халық пікірін тыңдап, ұсыныстарын жазып алды.

"Ауылға автобус қатынамай жатқаны рас. Бұл мәселе бойынша Алматы қалалық мобильді басқармасына хабарласып, мән-жайды түсіндіреміз. Қосымша маршрут жүргізуін сұраймыз. Жалпы, бұл бағытта 5 маршрут бар. Оларды Іргеліге кіргізуді қарастырып көреміз", - дейді Іргелі ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Аркен Кенжебай.

Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр

Ауылдағы және бір өзекті мәселе - көркі қашқан көшелер мен тозығы жеткен жолдар өте көп. Қонаев, Сапаралы көшелерінің ойылып жатқанына бірнеше жыл болды. Бұл көшелермен ірі жүк көліктері күнде жүреді.

"Әкімдіктегілер жыл сайын көшелерді жөндейміз деп уәде береді. Балаларымыз мектепке таза жолмен барып қайтса дейміз. Бізге жыртығы жамалған көше емес, асфальт төселген дұрыс жол керек", - дейді жергілікті тұрғындар.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.96   490.7   4.91 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети