Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2024 12:09

"Әлі су келіп жатыр". Құлсарының қазіргі ахуалы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov

Биылғы көктем алып атыраптағы ат төбеліндей ел үшін тым ауыр. Топан судың астында қалған ауылдардың есебін санасаң екі қолыңның саусаған қатар жұмуға тура келеді. Қазір еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел болып бірігіп, еріктілер жұмылып қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек қолын созуда. Massaget.kz тілшісі Атырау өлкесіне ат басын тіреп, жергілікті жердегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Құлсары қаласының қазіргі көрінісі

Мұнайлы өлкеге келгендегі басты себеп Құлсары қаласына барып, жағдайды өз көзімізбен көру еді. Өйткені ондағы тасқын тым қатты. Ресми дерекке сүйенсек қаланың 33 пайызы қызыл судың астында қалды. Алайда Атырау қаласындағы дайындықты елемеуге болмайды.

Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Атырау қаласы

Орынбордағы дамбы жарылып, "Жайықтың суы көтерілуі мүмкін" деген болжам билік пен бұқараның апатқа қарсы дайындалуына себеп болды. Қалада 120 бригада жұмыс істеп жатыр. Жайықтың қос қапталын қоршап, бөгеттер салынуда.

Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Атырау қаласы.

Қаланы қарғын судан құтқарсам деген жандардың арасында балалар да бар. 12-13 жастағы жеткіншектер қолдарына күрек алып, батырлық танытты.

Облыс орталығындағы жағдайды көзбен көргеннен кейін қаладан 220 шақырым жердегі Құлсары қаласына гуманитарлық пойызбен аттандық. Себебі екі арадағы көлік қатынасы тоқтаған. Ал қалаға қатынап жатқан халықтың қарасы қалың. Адамдардан бөлек азық-түлік те от арбаға тиеліп тасылып жатыр.

Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Құлсары қаласы.

Құлсары қаласындағы жағдай тіптен қиын. Қаладан 31 мыңға жуық адам өзге өңірлерге қоныс аударған. 14 эвокуациялық пунктің төртеуі су астында қалыпты. Ал жергілікті жұрт Жем өзенінің арнасынан тасуына қолдан жасалған дамбыларды кінәлайды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.58   490.7   4.81 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети