15 ноября 2023 10:36

Атырау облысындағы жем-шөп тапшылығы проблемасы қалай шешіліп жүр? Профессор Болат Мұхамбетов әңгімелеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жеке архив Фото: жеке архив

Атырау облысы топырағы тұзды, экологиялық ахуалы күрделі шөлейтті аймақ. Аймақта жыл санап жем-шөп тапшылығы мен жайылымдық жердің тозаңдануы үдеп келеді. Осы мәселені жеделдете шешу үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ауыл шарауашылғығылымдарының докторы Болат Мұхамбетов жем-шөп түрлерін өсіруді ғылыми тұрғыда зерттеп, табысты нәтижеге жеткен ғалым. Ол баптаған екпе шөп жайылымдарды пайдаланудың конвейерлік кезеңін 189 күнге дейін ұзартуға қол жеткізді. Бүгінде ғалымының қолданбалы тәжірибесіне сүйеніп Қызылорда облысы Жалағаш, Сырдария аудандары және Атырау облысы Махамбет ауданының бірнеше қожалықтары өсімдікті өсіріп, тұқымын көбейтуге кірісіп кетті. Tengrinews.kz тілшісі атыраулық ғалымынан алған сұхбатын ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы топырағы тұзды, экологиялық ахуалы күрделі шөлейтті аймақ. Аймақта жыл санап жем-шөп тапшылығы мен жайылымдық жердің тозаңдануы үдеп келеді. Осы мәселені жеделдете шешу үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ауыл шарауашылғығылымдарының докторы Болат Мұхамбетов жем-шөп түрлерін өсіруді ғылыми тұрғыда зерттеп, табысты нәтижеге жеткен ғалым. Ол баптаған екпе шөп жайылымдарды пайдаланудың конвейерлік кезеңін 189 күнге дейін ұзартуға қол жеткізді. Бүгінде ғалымының қолданбалы тәжірибесіне сүйеніп Қызылорда облысы Жалағаш, Сырдария аудандары және Атырау облысы Махамбет ауданының бірнеше қожалықтары өсімдікті өсіріп, тұқымын көбейтуге кірісіп кетті. Tengrinews.kz тілшісі атыраулық ғалымынан алған сұхбатын ұсынады.

Tengri Education отандық ғалымдар мен олардың зерттеу жұмыстары туралы материалдар легін жалғастырады.

Болат Мұхамбетов шөлейтті аймақта жем-шөп өсіруді жандандырып жүр. Профессор мұның Атырау облысы үшін маңызы туралы айтып берді.

"Бала кезімнен ауылда өстім. Мал бақтым. 16 жасымда совхозға шопан болып жұмысқа кірдім. Сонда малды өсірем десең бірінші шабандық жерің көп, жем-шөптің мол болуы қажет екенін ұғындым. Бұл менің бала күнгі арманым. Алайда, уақыт өткен сайын қазақ даласын, батыс аймақты қуаңшылық жайлап, мал өсіретін шаруалардың ісі кері кете бастады. Атыраудың 92 пайызы жері тұзданған. Қандай әдіспен шөп ексең де өнімділігі төмен. Суармалы жерде де, далалықта да жердің тұздылығы кетпей дұрыс өнім болмайды. Содан біреулер тұзды кетіру үшін топырақтың қабатын жуып, егістікті жыртып барып егуді ойластырды. Алайда, ол өте қымбатқа түседі екен. Онымен қоймай, табиғатты бүлдіретін болғандықтан, ондай амалмен егін екпейтін болды.

Сондықтан, ғылыми тұрғыда зерттеулер жасай бастадық. Әуелі тұзға шыдайтын өсімдіктерді іздей бостадық. Соның ішінде шөптің түйе жоңышқа, тісті жоңышқа деген түрін таптық. Одан "Сарайшық" деген сорт шығардық. Тұзды жерге өсетін, шыдамды ақ түйе жоңышқаның "аркас" деген түрін, сары жоңышқаның "медовый" деген түрін өсіріп шығардық. Бәрінің де патенті бар. Бүгінде Атырау облысындағы кейбір ауылдың төрт түлік малы шөп жоқтықтан кілең қыста, жазғытұрым, күзде қоқысқа барып жайылып, палетелин жеп, қалдықтарды талғажау етіп кетті. Байғұс малдың күні иттен де төмен болды. Соңғы жылдары батыс аймақты қуаңшылық жайлап, мал аштықтан өліп жатқанын білесіздер. Атырау мен Маңғыстаудың шаруалары шығынға батты. Бұл тұтас қазақ даласында орын алуы ықтимал, табиғи апат. Бұл алдағы 15-20 жылда қазіргіден де жаман күйге түсіреді. Сондықтан, біз жем-шөп өндірісін жандандырып жүрміз".

Профессор таңдауы неліктен Атырау аймағына түскенін айтты.

"Мен Атыраудың тумасымын. Басқа барар жерім жоқ. Не істесем де осы жерді көркейтуге тиіспін! Кезінде Алматыда да 20-30 жыл істедім. Бәрібір туған жерге табан тірейсің. Ал, жем-шөп өндіруді тоқтата салу деген ой басыма келмепті. Болмайды да! Себебі, мен бұл салаға тәрбиеленіп, өстім. Шынымды айтайын конторда отыра алмаймын. Ондай қызметті суқаным сүймейді. Бала кезімнен далада жүрген адаммын. Агроном болғасын үйде отыра алмаймын. Әрине, ғылым деген бір күнде пайда болмайды. Ғылымның қазынасын барған бойда қазып ала алмайсың. 23 жасымнан бастап ғылымда келе жатырмын. Міне, 78 жасыма дейін ғылымның ішінде жүр екем. Уақыттың қалай өткенін де білмей қалыппын"

Болат Мұхамбетов күні бүгінге дейін өндіріс бойынша жасалған нәтижелері жайлы әңгімелеп берді.

"Әрбір елдің бірінші стратегиясы ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда біз шөлді жерде өмір сүріп жатырмыз. Атырауда малды ұстап тұру үшін бірінші азық қоры жеткілікті болуы керек. Өтірік айтпайық біздің елде "екпе шөпті" егу қысқарып кетті, оның мәнін түсінбей кеттік. Негізінде бұрынбүкіл өнімнің 40 пайызын екпе шөптен алатын едік. Қазір біз екпе шөппен айналысып жүргенімізге біраз жыл болды. Кемі 20-30 жылдай болыпты. Соның ішінде түйе жоңышқаның 3 түрін шығардық. Біз өзіміздің тәжірибелік алаңымызда "аркас" деген сортты өсірдік. Ол түйе жоңышқаның бірінші жылғы сорты, негізі Қазақстанда түйе жоңышқа алғашқыжылы мол өнім бермейді, мүлдем бермеуі де мүмкін. Ал біздің биылғы көктемде еккен сорттарымыз 200 центнерге дейін өнім береді. Биіктігі 170 м баратын шөп жоқ. Ешқандай шөп ондай өнім бермейді, бірақ оны ешкім түсіне бермейді. Неге? Себебі, бізде шаруалармен байланыс жоқ. Фермерлер нестеп жатқанымызды білмейді.

Ал олардың білетіні субсидия! Үкімет оларға субсидия беретін болса ғылымның не керегі бар? Негізінде үкімет субсидияны ғылым арқылы беру керек. Сонда ғана бәрі ғылыми негізде нәтижеліжүзеге асар еді. Мысалы, біздің еккентүйе жоңышқа бірінші жылы 1 мауысыман бастап 15 қаршаға дейін балауса күйінде тұрады. Барлық шаруаның айтатыны түйе жоңышқа өскенде таяқ болып кетеді, жапырағы түседі деп санайды. Қане түсіп қалған жапырағы қайсы? Кемдегенде 150 күн кемжапырағы түспей, құнарлығын сақтап тұрады. 150 күн тұратын шөп жер бетінде жоқ. Мен осыны үкіметке өкпелі түрде айта аламын. Өйткені қазір тұқым өндіру дәстүрі жоқ болып кетті. Техника жоқ, жер ғалымға берілмейді. Сонда біз қалай жұмыс жасаймыз, қалай көркейтеміз? Біз өңірдегі журналистерді шақырып көрсеттік. Мамырда семинар өткіздік, олар балауса өсіп тұрғандарын көрді. Шілдеден бастап 1 метр 70 смдейін өсіп, бірде бір жапырағын түсірмей алғашқы қар жауғанға дейін өсіп тұрады. Ал, оған дейін қажетіңе қарай бірнеше рет шауып алсаңда болады. Шауып алған соң да көктеп өсе береді. Яғни, үздіксіз өсетін шөп түрі – осы түйежоңышқа. Біздің тап осы сорттарымды Қызылорданың Сырдария, Жалғаш аудандарының шаруақожалықтары өсіріп, тұқымын көбейтуге кірісті"

Профессор Атырауда егіншілдік мәдениеті өте төмен екенін айтады.

"Сондықтан, мұны түсініпте білмейді. Шаруалардың айтатын сөздері "Мұның бойында кумарин бар", - дейді. Жалпы кумаринің ешқандайда малға залалы жоқ. Ол шірісе декумарин болады.Доник шіріседе, жоңышқа шіріседе даладағы шөп малды өлтіретін сол. Ал, түйе жоңышқанысиырлар өкіріп тұрып жейді. Бұл шөптер малдың сүтін көбейтіп, етін құнарландырады. Біз әлемде бірінші алғашқы жылы өнімді200 центнерге жеткізіп, 170 см дейін биік өсіруге болатынын дәлелдеп отырмыз. Осыны менің елім, жұртым түсінбейді де, білмейді.Бірақ оның бәрін айт не, айтпа не? Әркім өзінің субсидиясына жүгіреді... Қызылорда облысында "Таң", "Абзал" шаруақожалықтары бар. Әуелде олар 60 гектарға, кейіннен 120 гектарға дейін өсіруді қолға алды. Олар тұқымды көбейтіп, дамытып жатыр"

Болат Мұхамбетов өндіріс бойынша кездескен проблемалар жайлы да сөз қозғады.

"Біз соңғы 3 жылда бұл барлық шөптің ішінен таңдап 17 түрін өсірдік. Оның ішінде ең үздігі түйежоңышқа болды. Бұл үздіксіз өсе беретін, өте өсімтал өсімдік. Әрине, бұны дамыту деген оңай іс емес. Ал, Қазақстан Үкіметі биылдан бастап тұқым шаруашылығын қолға аламыз деді. Егер тұқым көбейсе колхоз, совхоздар егеді. Қазір тұқымда да жоқ, дым да жоқ бәрін құртып жіберді ғой.

Тұқым дайындау ісін Үкімет 019 бағдарламаға салып тастады. Бұрын бюджеттен қаржыландыратын тұқым өндірісі, ығысып басқа жаққа, далаға кетті. Ал, мына 019 бағдарламаменмандытып жұмыс жасай алмаймыз. Атырау облысында 019 бағдарлама тіптен жұмыс жасамайды. Оны шенділербілмейтін де шығар... Біздікілердің білеті тек қана - мұнай! Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын дамытуды көздеген, соның ішінде тұқым өндірейік, жем-шөп өсірейік деген бастамалары бастарына кірмейді. Бұл ғылыми зерттеудің нәтижесін енді өндіріске енгізу үшін технология болуы керек. Жем-шөп егетін құрал-саймантүгел болуы керек қой. Алайда, бізде мұның біреуіде жоқ. Шаруашлықтар тек далалық шөпті шабуды, жинауды біледі".

Өткен ғасырдың 50 жылдары советтік заманында Богдан, Константин деген химиктер түйежоңышқаны жерді жыртып егуді айтты.

"Ал жерді жырту деген ауыр еңбек. Тіпті, жерді жыртсаң бетіндегі шөпті тамырымен аударып тастайсың. Ол шөп кейін шықпай қалады. Оған мал жайып да пайда таппайсың. Ондай ескі әдістің мүлдем дұрыс емес екенін ғалымдарда, практиктерде мойындамайды. Бүгінде қолдан шөпегіп отырғандар жоқ. Ал, далаға егу үшін жерді жыртайын десе, малын қайда жаяды? Заманында бізге академиктер жерді жыртып барып түйежоңышқа егіңдер дейтін. Еккен жағдай да ол бірінші жылы шықпайды. Оған тіптен фермердің қаражаты да жете бермейді. Енді не істемек керек? Сондықтан, біз ендігі зерттеу бағытымыз бойынша изен деген шөпті өсірудің ғылыми тәжірибесін қалыптастыруға кірістік. Изенді мал жаятын жайылымдық алқап ретінде емес, оны азық ретінде молынан жинап алуға, сусыз далалық жерде табиғи өсіруге болатын әдісін ойластыруға бар күшімізді жұмсамақпыз. Бұл зерттеумізде алдағы уақытта жақсы нәтиже береді деген үміттеміз".

Суреттер: жеке архив

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жасалған материал