Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 октября 2019 17:33

Жыл соңында баспана алу тиімді ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сарапшылар баспана алмастан бұрын түрлі факторларға назар аударуға кеңес береді. Әсіресе Жаңа жыл қарсаңында түрлі сыбыстар тарап, ажиотаж болып жатады. Көбі бұл кезеңді пәтер алу үшін тиімді деп ойлайды. Бірақ, мамандардың айтуынша, жыл соңында жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне риелтор Шолпан Әмірбаева айтты.

Әмірбаева тұрғын үй саудасы қызатын тұс наурыз бен шілде айлары екенін айтады. 

"Әдетте қазан, қараша, желтоқсан айларында жылжымайтын мүлік нарығында сыбыстар көбейеді. Халық келесі жылы барлығы қымбаттап, ипотека пайыздары жоғарылап, пәтерлердің бағасы шарықтап кетеді деп ойлайды. Cондықтан бұл кезеңде жылжымайтын мүлік нарығында жоғары белсенділік байқалады, сұраныс артады. Бірақ Жаңа жылдан кейін, нақтырақ айтсақ, наурыз айына дейін жылжымайтын мүлік саласында сауда жүрмейді. Сондықтан наурыз айына дейін күте тұруға кеңес беремін", - дейді Әмірбаева.

Риелтор жыл соңында халық тарапынан ұсыныс көбейетіндіктен, сатушылардың көбі бағаны өсіріп жіберетінін айтады.

"Cондықтан ұтылып қалмау үшін бұл кезеңде баспана алмауға кеңес беремін, әсіресе, қолма-қол ақшаға алатындар. Ал ипотекаға алам деушілер, керісінше, осы кезеңді қарастырса болады. Cебебі 4-6 ай ішінде ипотека мөлшерлемесі 3-4 пайызға артады деген болжам бар", - дейді маман.

Сондай-ақ, сарапшы соңғы күндері елдегі доллар бағамының тұрақсыз екенін айта отырып, қазақстандықтарға алдағы 2-3 айда сауда-саттық жасамауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Қазіргі ипотека бағдарламалары: Алғашқы жарна мен пайызды есептеу

Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети