Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 сентября 2019 14:47

Ипотекаға алған баспананың сату-сатып алу шартының құны 4 АЕК-тен аспауы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы ипотекаға үй алу өзекті. Алайда кез келген сала секілді бұл бағытта да біраз мәселе бар. Мәселен, ипотекаға үй алудың біраз кезеңінен өткеннен кейін, соңғы кезеңдердің бірі - сату-сатып алу келісімшартын жүргізу. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекаға пәтер алатын адамдар сату-сатып алу келісімшартын жасау үшін нотариусқа жүгінеді. Алайда бұл қызметтің ақысы заңда бекітілгенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл мәселені Tengrinews.kz тілшісі заңгер маманнан анықтап көрді.  


Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы ипотекаға үй алу өзекті. Алайда кез келген сала секілді бұл бағытта да біраз мәселе бар. Мәселен, ипотекаға үй алудың біраз кезеңінен өткеннен кейін, соңғы кезеңдердің бірі - сату-сатып алу келісімшартын жүргізу. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекаға пәтер алатын адамдар сату-сатып алу келісімшартын жасау үшін нотариусқа жүгінеді. Алайда бұл қызметтің ақысы заңда бекітілгенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл мәселені Tengrinews.kz тілшісі заңгер маманнан анықтап көрді.  

Сату-сатып алу шарты

Заңгер маман Думан Көпбаевтың айтуынша, ипотека арқылы үй алатын азаматқа өзі жүгінген банк тарапынан "ипотекасы мақұлданған" жағдайда арнайы куәландыру құжаты беріледі. 

"Егер банк тарапынан азаматтың "ипотекасы мақұлданған" жағдайында куәландыру құжаты берілмеген болса, әрине нотариусқа жүгінген кезде қызмет көрсетуге 40 мың теңгеден көп қаражат сұрауы мүмкін. Оны әр нотариус өзі белгілейді. Бұл "Нотариат туралы" Заңда көрсетілген. Ипотекаға үй алатын жағдайда бірінші кезекте өзі жүгінген банктен "ипотекасы мақұлданғаны" туралы куәландыру құжатын алғаннан кейін барып қана нотариусқа жүгінген жөн", - дейді заңгер. 


© Тұрар Қазанғапов

Куәландыру құжаты

Заңгердің айтуынша, көп жағдайда банк тарапынан арнайы куәландыру құжаты міндетті түрде беріледі екен. 

"Ол құжат банк тарапынан міндетті түрде беріледі. Бірақ сату-сатып алу келісімшартын жасайтын кезде нотариусқа жүгінген жағдайда азаматтар куәландыру құжатын көрсетуі керек екенін білмейді. Тиісінше нотариус өкілдері де ол құжатты сұрамауы мүмкін. Себебі пәтердің ипотекаға алынып жатқанынан бейхабар болуы мүмкін. Сондықтан нотариусқа келген жағдайда бірден пәтердің ипотекаға алынып жатқанын және банк тарапынан берілген "ипотека мақұлданғаны" туралы куәландыру құжатын көрсету қажет", - дейді Думан Көпбаев. 

Маманның сөзінше, нотариусқа банктен "ипотекасы мақұлданғаны" туралы куәландыру құжатын ұсынған жағдайда заң бойынша қызмет көрсеткені үшін 4 АЕК мөлшерінде ғана салық салынады. 2018 жылдың 30 қарашасындағы "2019-2021 жылғы Республикалық бюджет туралы" заңда 1 АЕК - 2525 теңге деп есептелген. Яғни ипотекаға үй алу кезінде сату-сатып алу келісімшартын жасау үшін нотариус қызмет көрсеткені үшін 10 100 теңге көлемінде қаржы белгілеуге тиіс. 

Заңгердің айтуынша, егер нотариус қызмет көрсеткені үшін 4 АЕК-тен көп қаржы алатын болса, ол заңсыз іс-әрекет болып саналады екен. 

Нотариусқа асыра төленген ақшаны өндіріп алуға бола ма?

Нотариус өкілдеріне 80 мың теңге мөлшеріне дейін қаражат берген желі қолданушылары оны қалай өндіріп алуға болатынын сұрап, сауал жолдаған. Заңгер Думан Көпбаевтың айтуынша, мұндай жағдайда артық төленген қаражатты өндіріп алудың 3 жолы бар екен.

"Ең біріншіден, нотариусқа артық төленген қаражатты сот арқылы өндіруге болады. Екіншіден, нотариустарды қадағалайтын орган - Әділет органы. Қаражатын өндіріп алғысы келетін азаматтар Әділет органдарына шағым түсіре алады. Үшінші жолы - Прокуратураға жүгіну. Көбіне нотариус қызметкерлері азаматтарға "банктен ипотеканың расталғаны туралы құжат алып келіңіз" деп сұрамайды. Ертеңгі күні азаматтар сотқа жүгінген жағдайда нотариустағылар "ол үйдің ипотекаға алынып жатқанын білмедік" деп айтуы мүмкін", - дейді заңгер. 

Айта кетейік, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарының мәліметінше, Салық кодексінің 611-бабына сәйкес егер келісімшарт ипотекаға пәтер алу бойынша жүргізілетін болса, нотариалдық қызметтерге мемлекеттік баж салығы 2 АЕК-тен аспауы қажет. Сондай-ақ арнайы техникалық қызметтерге қосымша 2 АЕК есебінде салық салынады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети