Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 мая 2019 17:57

Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы - Жер алып, үй салу немесе ипотекаға пәтер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде қалаға көшіп, үй салып немесе мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып жатқандардың саны күннен күнге артып жатыр. Бұл еліміздегі урбанизация деңгейі. Осы тұста жер алып, үй салған тиімді ме немесе ипотекаға пәтер алу тиімдірек пе деген сұрақ пайда болады. Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында осы қос нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін саралап, мақалалар легін жариялауды ұйғарды. 


Елімізде қалаға көшіп, үй салып немесе мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып жатқандардың саны күннен күнге артып жатыр. Бұл еліміздегі урбанизация деңгейі. Осы тұста жер алып, үй салған тиімді ме немесе ипотекаға пәтер алу тиімдірек пе деген сұрақ пайда болады. Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында осы қос нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін саралап, мақалалар легін жариялауды ұйғарды. 

Бірінші мысалымызды ипотекалық бағдарламамен пәтер алуды дұрыс деп тапқан жас отбасының оқиғасымен таныстырудан бастасақ. 

Алматылық Құрман мен Әсел 2013 жылы отбасын құрған. Үш баласы бар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша "Алғабас" ықшамауданынан ауданы 82,5 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтер алған. Әселдің айтуынша, олар алғашқы жарна төлемеген.

"Өзім бұрыннан бері пәтер алу мәселесін қарастырып жүретінмін. Бастапқыда үй салу туралы ой болды, бірақ бізде Алматыда үй салу үшін қала сыртынан жер алу керек. Қаланың сыртында да тұрып көрдік, бірақ үш баламен қалаға қатынау қиынға соқты. Оған қоса, көлігіміз де болмады. Содан қалада тұрған дұрыс болар деген шешім қабылдап, пәтер алуды жоспарладық", - дейді Әсел.

Оның айтуынша, олар ешқандай кезекте тұрмаған, тек тұрғын үй банкінің сайтындағы сауалнаманы толтырған.

"Біз ешқандай кезекте тұрмадық. 2013 жылы бюджеттік ұйымда жұмыс істеп жүрдім. Содан пәтер беретін бағдарламаларды қарап жүрдім. Интернеттен оқып жүрдім, содан бір хабарландыруды көріп қалдым. Жас отбасыларға арналған бағдарлама бар болып шықты. Бағдарламаның талаптарында: ерлі-зайыпты 29 жасқа толмауы керек, ресми түрде некеге тұруы керек, міндетті түрде балалары болуы керек және кем дегенде екі жыл уақыт Алматыда тіркеуде тұру керектігі көрсетілді. Осыны көрген соң мен бүкіл құжатымды жинап, қалалық тұрғын үй департаментіне бардым. Құжаттарды дайындауға көп ақша кеткен жоқ, көп болса 20 мың теңгедей кеткен шығар", - дейді ол.

Әсел бұл байқаудың тек бір күн өткізілгенін айтады. Айтуынша, байқау түнгі сағат 00.00-де тоқтатылған.

"Құжаттарымды жинап барғанда бұл байқаудың жабылып қалғанын айтты. Сосын енді қашан өткізілетінін сұрадым, олар бір айдан соң деп айтты. Содан бір айдан соң құжаттырымызды сканерлеп, порталға жолдадық. Қаңтарда құжаттың барлығын жібердік. Екі аптадан соң бізге төлем қабілетінен өткеніміз жайлы хабарлама келді. Осыны естіп біз бірден банкке бардық. 1-2 ай өте бізге "Алғабастан" пәтер берілетінін хабарлады. Яғни бұл жайлы наурызда белгілі болды, биыл қаңтарда үйдің кілтін алдық", - дейді Әсел.

Айтуынша, бағдарлама бойынша бірінші балаға 20 ұпай, қалған балаларға 30 ұпайдан берілген. Осылайша, олар барлық 80 ұпай жинаған.

"80 ұпай бізге көмегін тигізді. Меніңше, мұнда ең тиімдісі пәтерге алғашқы жарна төлемейсің. Кейін сатып алынатын жалдамалы пәтер болғандықтан бізге қойылған шарттар өзгеше болды. Осылайша, біз қазір айына 42 мыңнан төлеп отырмыз. Пәтердің бағасы 9 миллион 900 мың теңгеге шықты. Сонда шаршы метрі 120 мыңнан болып тұр. Ең бастысы 8 жылдың ішінде пәтер бағасының 50 пайызын жинауымыз керек. Сегіз жылдан кейін ғана пәтер біздің атымызға аударылады. Ал қалған 50 пайызын ипотекалық қарыз бойынша төлеп отырамыз", - дейді ол.

Әсел бұл бағдарламаның өте тиімді болғанын айтады. 

"Үш бөлмелі пәтер 9 миллион 900 мың теңгеге шықты. Меніңше, бұл арзан және жас отбасылар үшін өте тиімді. Әсіресе, жас отбасылар үшін қолжетімді. Ең бастысы алғашқы жарна талап етілмейді. Берілетін үйдің сапасы да жақсы. Өз бағасына тұрарлық. Шынында біз пәтердің жөндеуі нашар болатын шығар деп ойладық, бірақ барлығы біз ойлағаннан жақсы болып шықты", - дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Пәтерді қалай таңдау керек - Маманнан 5 кеңес

Ипотеканы қайта қаржыландыру үшін банкті қалай таңдау керек - Экономист кеңестері

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети