Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 апреля 2019 13:04

Таңдау жасатса, Канело мен Джейкобсқа қарсы шығар едім - Мейірім Нұрсұлтанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та қарсылас шақ келтірер емес. Бүгінге дейін ол 11 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Енді NABF Junior белбеуінің иегері алдағы уақытта үлкен жекпе-жектер өткізбек. Тengrinews.kz тілшісіне Мейірім боксқа қалай келгені, АҚШ-тағы өмірі жайлы айтып, жоспарларын бөлісті.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та қарсылас шақ келтірер емес. Бүгінге дейін ол 11 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Енді NABF Junior белбеуінің иегері алдағы уақытта үлкен жекпе-жектер өткізбек. Тengrinews.kz тілшісіне Мейірім боксқа қалай келгені, АҚШ-тағы өмірі жайлы айтып, жоспарларын бөлісті.

Мейірім - әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшаловтың туған інісі. Оның боксқа келуіне ағасы себеп болған.

"Боксқа ағамның артынан еріп келдім. Ол кезде Семейде тұратынбыз. Ағама қарап, мен де жаттығуға барып жүрдім. Сол кезде боксқа қызығушылығым басталды. Басында бірде барып, бірде бармай, ойын қуып кетіп жүрдім. Ал 2006 жылы Астанадағы Қажымұқан спорт мектебіне түстім. Сол кезде күніне екі уақыт жаттығу жасап, бокспен тұрақты айналысуды бастадым, - дейді ол.

Нұрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы карьерасы АҚШ-та басталды. Ол 2016 жылы Main Events промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.

"Промоутерім - Кэти Дува есімді әйел адам. Мен Қазақстанда жүргенде басқа промоутерлік компаниялардан ұсыныс түскен. АҚШ-та жүрген Мадияр Әшкеев "Асықпай Америкаға кел, осы жақтан көріп, таңдайсың" деді. Сөйтіп билет сатып алып, Америкаға аттандым. Мадияр күтіп алып, менеджер Эгис Климаспен таныстырды. Ол әуесқой бокстағы нәтижелерімді сұрады. Күт деді де, үш аптадан кейін маған келісімшарт ұсынды" - дейді Мейірім.

Боксшы қазір орта салмақ чемпиондарына қарсы тұруға дайын екенін айтады.

"Таңдау жасатса, Канело мен Джейкобсқа қарсы шығар едім. Енді олар чемпиондар ғой. Ирландиялық Джейсон Куигли деген боксшы бар. Онымен де жұдырықтасар едім", - деді Нұрсұлтанов.

Сондай-ақ ол сұхбатында АҚШ пен Қазақстандағы бокс кештерінің айырмашылығына тоқталды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети