Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 сентября 2019 12:05

Әділетсіздік, сенсация, төрт "қола". Боксшыларымыз үшін әлем чемпионаты қалай өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы елге бір алтын медальмен оралды. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың дүбірлі додадағы нәтижесіне шолу жасайды.


Бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы елге бір алтын медальмен оралды. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың дүбірлі додадағы нәтижесіне шолу жасайды.

Лицензия берілмеген турнир

Ресейдегі әлем чемпионатында Токио Олимпиадасына лицензия берілмеді. Бәріне кінәлі - Халықаралық бокс қауымдастығындағы (AIBA) дау. Енді 2020 жылғы Жазғы ойындардың лицензиясын Халықаралық Олимпиада комитеті береді. Ұйым келесі жылы боксшылар үшін іріктеу турнирін ұйымдастырмақ.

Ресейдегі додаға оралсақ. Қазақстан әлем чемпионатына сегіз боксшымен аттанған. Оның алтауы Қазақстан қоржынына түрлі медаль салды. Тек екі боксшымыз жарысты ерте аяқтады.

Солардың алғашқысы - Зәкір Сафиуллин. 63 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін ол 1/8 финалда жеңіліп қалған еді. Боксшы кубалық Энди Крусқа есе жіберген. Кейін белгілі болғандай, Сафиуллин болашақ әлем чемпионынан жеңілген екен. Энди Крус өз салмағында топ жарып, Куба қоржынына жалғыз алтын медальді салды.

57 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев екі жыл бұрынғы жетістігін қайталай алмады. 2017 жылы Ералиев әлем чемпионы атанған болатын. Бірақ Ресейде қазақстандық боксшының жолы болмады. Ол ширек финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловқа есе жіберді. Ералиев те болашақ әлем чемпионынан жеңілген. Мирзахалилов финалда үш дүркін әлем чемпионы кубалық Ласоро Альваресті жеңді.


Қайрат Ералиев. © Данияр Майлыбаев

Алтаудың төртеуі жартылай финалда жеңілді

Турнирдің жартылай финалына алты боксшымыз өткен. Бірақ оның төртеуі финалға жетпей сүрінді.

52 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан боксшысы алтын медаль алды. Шахобидин Зоиров үндістандық Амит Пангалды жеңген. Бұл салмақта Қазақстанның намысын Сәкен Бибосынов қорғаған еді. Ол жартылай финалда Пангалдан жеңіліп, мойнына қола медаль тақты.

69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда турнир қожайыны ресейлік Андрей Замкавойдан жеңілген. Замкавой өз елінде өтіп жатқан байрақты доданың финалында Пэт Маккормакты жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Жүсіпов қола жүлдені қанағат тұтты.

Тұрсынбай Құлахмет те жартылай финалда сүрініп, қола медаль иеленді. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын ол филиппиндік Эумир Марсьяльден жеңіліп қалды. Бір мәрте нокдаунға түсті. Ал Марсьяль финалда ресейлік Глеб Бакшиге есе жіберді.

91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит пен эквадорлық Хулио Кастильо жекпе-жегі үлкен дауға айналды. Төрешілер жеңісті Кастильоға бергенімен, бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Левиттің жеңілісін мойындамады. Кездесуден кейін Қазақстан бокс федерациясы AIBA-ға хат жолдап, төрешілер шешімін түсіндіруді сұраған. Левит болса, бапкерлері мен жанкүйерлеріне алғыс айтумен шектелді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Закончился Чемпионат Мира. Хочу сказать огромное Спасибо всей нашей команде???????? особенно тренерам, которые вели меня к этим соревнованиям и пожелать терпения и здоровья ! Поблагодарить болельщиков за добрые слова, которые поступают до сих пор, спасибо Вам???? за позитив который вы излучаете! #навсеволябожья Вперёд к новым высотам и победам!#казахстаналга????????

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ал финалда Кастильо ресейлік Муслим Гаджимагомедовтен жеңіліп қалды. Левиттің еншісінде - қола медаль. Левиттің қола медалін көбі әділетсіздік деп бағалады. 

Бір алтын, бір күміс

Әлем чемпионатының финалында екі боксшымыз жұдырықтасқан. 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы өзбекстандық Баходир Жалолов болды. Жалоловтың кәсіпқой бокста да тәжірибесі мол. Жеті рет кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізген.

Өзбекстандық боксшы өзінің тәжірибесін турнир бойы көрсетіп шықты. Ширек финалда америкалық Ричард Торресті ауыр нокаутқа жіберген, салдарынан ол ауруханаға түскен еді.

Баходир финалда Қамшыбектен басым болды. Қоңқабаев бұл жолы да финалда сүрінді. 2017 жылы да ол күмісті қанағат тұтқан еді.

Тәжірибелі боксшыларымыз алтын медальға жете алмай қалып жатқанда, әлем чемпионатына алғаш рет қатысқан Бекзат Нұрдәулетов сенсация жасады. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 21 жастағы отандасымыз Рио Олимпиадасының чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Хулио Ла Крузді нокдаунға түсіріп, финалға жолдама алған. Ақтық сында ол өзбекстандық Диолшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, әлем чемпионы атанды.


Бекзат Нұрдәулетов. © olympic.kz

Осылайша, Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медальмен командалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Үш алтын, бір күміс және бір қола жүлде алған Өзбекстан боксшылары топ бастап тұр. Екінші орында Ресей - үш алтын мен бір күміс медаль.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети