Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 февраля 2020 16:39

"Мүсін әлі 1000 жыл уақыт тұрады" - Cуретші Абай Құнанбайұлына орнатылған бюст жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу аудандық әкімдіктің маңында орнатылған бюст. © Әлихан Сариев Жетісу аудандық әкімдіктің маңында орнатылған бюст. © Әлихан Сариев

Алматыда қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында ақынның бюст-ескерткіші орнатылды. Мүсінді құюға бір жылдан аса уақыт кеткен. ҚР Көркем сурет академиясының президенті, еңбек сіңірген қайраткер, суретші Амандос Ақанаев Tengrinews.kz тілшісіне мүсін авторының жұмысына баға берді. Айта кетейік, бюст Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты маңында орнатылды. 


Алматыда қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында ақынның бюст-ескерткіші орнатылды. Мүсінді құюға бір жылдан аса уақыт кеткен. ҚР Көркем сурет академиясының президенті, еңбек сіңірген қайраткер, суретші Амандос Ақанаев Tengrinews.kz тілшісіне мүсін авторының жұмысына баға берді. Айта кетейік, бюст Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты маңында орнатылды. 

Мүсіннің авторы - Тілеуберді Бинашев. Ал жалпы бұл жобаға Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Көркем сурет академиясының мүшелері атсалысқан екен.

Суретшінің айтуынша, мүсін авторы қазіргі уақытта Оралда.

"Тілеуберді Бинашев - мықты академик, суретші. Өте керемет мүсінші, шығармашылық тәжірибесі де мол. Ол бұл мүсінді салуға барын салды. Бар жанымен берілді, басынан аяғынан өзі жасап шықты. Бұл мүсіннің ерекшелігі ол өте қымбат және мықты цементтен жасалған - 1000-маркалы цемент. Арматурасы да берік. Автор мүсінді мықты етіп салған. Мүсіннің әлі 1000 жыл уақыт тұратыны сөзсіз. Себебі орнатылған тас өте мықты. Барлғығы жоғары деңгейде жасалған", - дейді суретші Ақанаев.


Жетісу аудандық әкімдіктің маңында орнатылған бюст. © Әлихан Сариев


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен жазушы Смағұл Елубай. © Әлихан Сариев

Оның айтуынша, мүсінші бұл жұмысы үшін ешқандай ақша сұрамаған.

"Шебер мүсінді жасауға бір жылдан аса уақыт жұмсады. Кейін ол жұмысты комиссия қарады. Суретшілер кеңесі де қарады. Мүсінші ол үшін ешқандай ақша алған емес, сұраған да жоқ, бұл оның еліміздің мәдениетіне, рухани байлығына қосқан үлесі. Себебі бұл біздің болашағымызға керек. Бұл жұмыс біздің көңілімізден шықты. Сондықтан мен өте қуаныштымын. Біз қай жерде болсақ та рухани байлығымызды ұмытпаймыз", - дейді Көркем сурет академиясының президенті.

Суретші мүсіннің өте жоғары деңгейде жасалғанын айтады.


Суретші Амандос Ақанаев. © Әлихан Сариев

Еске салайық, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Осыған байланысты биыл ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елімізде 00-ге жуық шара өтеді. Тоқаев Абай шығармаларының аудармаларын баспадан шығарып, халықаралық деңгейде насихаттауға тапсырма берген еді.

Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған

Ал таяуда Президенттің Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети