Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 декабря 2019 22:43

Эльчин Сафарли қазақ оқырмандарына қалай тәнті болды? Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал жазушы Эльчин Сафарли Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал жазушы Эльчин Сафарли Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазушы елімізге үшінші рет келіп отыр екен. Бұл жолы ол неліктен Шымкент қаласын таңдағанын түсіндірді.

"Бұған дейін келгенімде көбі менен "Шымкентке келмейсіз бе?" деп сұрай берді. Есімде қалып қойыпты. Көктемде басқа қалаларға барамын, мысалы Қарағандыға. Мен Астана мен Алматыдан басқа қалаларға барғым келеді, бұл қалаларға бәрі келеді. Менімен арнайы кездесу үшін бәрінің бірдей осы екі қалаға келе беретін жағдайы жоқ. Мен үшін осы маңызды. Басқа қаладағылардың махаббаты шынайы. Шымкентте кездесу жақсы өтті", - дейді ол.

Қаламгер сұхбатында неге Бакуден Ыстамбұлға көшіп кеткенін, сонымен қатар, неліктен әзербайжан мен түрік тілдерін жақсы білсе де орыс тілінде жазатынын түсіндірді. 

"Мен орыс тілінде ойлаймын. Әжем - орыс, оның да ықпалы болды. Мен осы тілде жұмыс істеймін, сәйкесінше, Ыстамбұлда орыс тілділер көп болмаса да орыс тілінде туынды шығару мен үшін жайлы. Сосын мен туындымды Ресейге апарып, сонда ұсынамын. Егер сіз бұған сенсеңіз, айтайын, мен бұрынғы өмірімде Ыстамбұлда тұрған сияқтымын. Ал ең қызығы, мен қай көшеде тұрғым келетінін де білдім. (...) Менің бұл қалаға деген махаббатым әр бұрышына, әр көшесіне арналған", - дейді Эльчин Сафарли. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эльчин Сафарли (@aboutsafarli)

Бірде оған қазақстандық оқырмандарының бірі хат жазыпты. 

"Маған сіздің шығармаларыңыз ұнамайды деп хат жазыпты. Бірақ оған менің мәнерім мен талғамым ұнайды екен. Мен оған жауап жаздым, онда оның пікірін бағалайтынымды айттым", - дейді жазушы.

Сонымен бірге, қаламгер сұхбатта түрік сериалдары, шығармаларындағы әйел образы, неге өзіне тең келер жазушы жоқ деп есептейтіні туралы әңгімелейді. 

Эльчин Сафарли - заманауи жазушы. Шығармаларында шығыс дәстүрін, махаббат пен мәдениетті орыс тілінде жеткізеді. 12 авторлық кітабы бар. Таяуда ғана жаңа "Расскажи мне о море" кітабы шыққан.

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети