Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 сентября 2019 12:47

Ақынның сүйікті бес кітабы - Ерлан Жүніспен "Бірге оқимыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта ақын, жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы белгілі ақын Ерлан Жүністің сүйікті бес кітабын ұсынамыз.


ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта ақын, жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы белгілі ақын Ерлан Жүністің сүйікті бес кітабын ұсынамыз.

Йоганн Вольфганг фон Гете "Жас Вертердiң азаптары"

Бұл романында Гете жас кезiндегi күмәндану мен тынымсыз ақиқат iздеуден гөpi, тұрақты қалыптасқан бейнелерге көбiрек бас ұрады. Роман 1774 жылы оқырман қауымға ұсынылған. Шығарма кейіпкері Вертер өзін-өзі атады. Әлемнің көп елдеріне тараған бұл шығарманы оқыған жастардың басым бөлігі өзіне қол жұмсап, бас кейіпкердің күйін кешкен. Кейіннен көптеген елде бұл шығармаға тыйым салынған.

Уильям Шекспир "Гамлет"

Уильям Шекспир - ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі. Ол кем дегенде 12 трагедия, 16 комедия, 6 тарихи хроника - соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударған.

"Мың бір түн"

Мың бір түн - араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы. Бұл прозалық жинаққа үш жүздей аңыз-әңгімелер, новелла, ертегілер топтастырылған. "Мың бір түн" белгілі бір қаламгердің шығармасы емес, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған ауыз әдебиеті үлгілері. "Мың Бір Түн" жөнінде түрлі пікірлер бар.

"Адамзат тірлігінің ішкі құпиясын бүге-шігесіне дейін ақтарып, барша әлеми тірліктің айнасындай етіп, адамзат санасына селкеусіз сіңірген ұлы шығарма деп ойлаймын", - дейді ақын. 

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне енген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың ұлы ақыны Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Философия тарихы

Оқулықта философия тарихының антикалық дәуірінен бастап, одан кейінгі негізгі даму кезеңдері қарастырылады. Шығыс философиясының бір бұтағы болған қазақ философиясының тарихи даму белестеріне де мән беріледі. Оқулық бара философия тарихы мәселесіне қызығушы оқырманға арналған. 

"Антология ретінде шыққан бұл туындыны кез келген адам оқуы тиіс деп ойлаймын", - дейді ақын. 

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети