Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2020 11:36

Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аманхан Әлімұлы. Фото: adebiportal.kz Аманхан Әлімұлы. Фото: adebiportal.kz

Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сыншы Амангелді Кеңшілікұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сыншы Амангелді Кеңшілікұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Баладай аңғал, жүрегі жұмсақ, оқымаған кітабы жоқ, телефонмен сағаттап сырласатын Аманхан көкем де өмірден өтіпті. Әкеммен достығын мақтан тұтатын. Жалған дүние-ай! Бәрінен де бұрын соңғы рет сізбен қоштасып, басыңызға бір уыс топырақ та сала алмайтыным менің жанымды қинайды. Иманыңыз саламат болсын!", - деп жазған Кеңшілікұлы.

Әлімұлы Аманхан 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1993 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық A.M.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. Бүгінге дейін "Заң газетінің" жауапты хатшысы болған. Ақынның "Кездесу", "Жанымның жапырағы", "Ай нұры алақанымда" жыр жинақтары жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети