Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 апреля 2020 11:48

Директор - мектептің ақыл-ойы, ары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: egemen.kz Фото: egemen.kz

"Ұстаз мәртебесі" заңы бекітілді. Педагог мәртебесін педагогтің өзі көтереді, бұл жөнінде жаздым. Ал педагогтің мәртебесін әрі қарай көтеріп, мектептің атақ-даңқын шығаратын мектеп басшысы - директор. Директор мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, шештіре алатын, ұжымды ұйымдастыра алатын ұйымдастырушы. Білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлерінің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпынған директор ғана мектептің бақыты. Мұндай директорлар бұрын да болған, қазір де бар. Неге? Кейінгі жылдары әсіресе Оңтүстік өңірде педагогтер мен директордың айтыс-тартысы өршіп тұр. Мектептің директоры болу мәртебе емес пе? Сеніп тапсырған лауазымды бағалап, соған лайық болудың орнына ар-намыстан жұрдай болып, мектепті өзінің жеке меншігіне айналдырып, білім қоймасын, өнеге ордасын жемқорлыққа айналдыруға директордың қандай қақысы бар? Кім оны соншама дандайсытқан? Оны осы орынға әкелгендердің жаны, қолы таза болса оларды жерге қаратты. Сыбайластықпен әкелсе олар ұлттық мектептің абыройын төкті. Айқай-шу шығарған оқиғаны еске түсіре кетейін. Ақпанның 26-да 2020 жылы Тараз қаласындағы №43 орта мектептің директорын оның басшылық құрамының барлығын қызметтен босатуды талап еткен ата-ана мен педагогтер ұжымының жан-айқайын Tengrinews жариялады. Айқай-шудың себебі дәріс сағаттарын саудалаған, 24 сағат алғандар 30 мың, 27 сағат алғандар 50 мың, ал декреттік демалыстан келгендер 100 мың теңгені басшылыққа беру керек, ақша бермесең қызметтен кетесің. Былыққа батқан мектептен оқушылар сапалы білім ала ала ма?


"Ұстаз мәртебесі" заңы бекітілді. Педагог мәртебесін педагогтің өзі көтереді, бұл жөнінде жаздым. Ал педагогтің мәртебесін әрі қарай көтеріп, мектептің атақ-даңқын шығаратын мектеп басшысы - директор. Директор мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, шештіре алатын, ұжымды ұйымдастыра алатын ұйымдастырушы. Білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлерінің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпынған директор ғана мектептің бақыты. Мұндай директорлар бұрын да болған, қазір де бар. Неге? Кейінгі жылдары әсіресе Оңтүстік өңірде педагогтер мен директордың айтыс-тартысы өршіп тұр. Мектептің директоры болу мәртебе емес пе? Сеніп тапсырған лауазымды бағалап, соған лайық болудың орнына ар-намыстан жұрдай болып, мектепті өзінің жеке меншігіне айналдырып, білім қоймасын, өнеге ордасын жемқорлыққа айналдыруға директордың қандай қақысы бар? Кім оны соншама дандайсытқан? Оны осы орынға әкелгендердің жаны, қолы таза болса оларды жерге қаратты. Сыбайластықпен әкелсе олар ұлттық мектептің абыройын төкті. Айқай-шу шығарған оқиғаны еске түсіре кетейін. Ақпанның 26-да 2020 жылы Тараз қаласындағы №43 орта мектептің директорын оның басшылық құрамының барлығын қызметтен босатуды талап еткен ата-ана мен педагогтер ұжымының жан-айқайын Tengrinews жариялады. Айқай-шудың себебі дәріс сағаттарын саудалаған, 24 сағат алғандар 30 мың, 27 сағат алғандар 50 мың, ал декреттік демалыстан келгендер 100 мың теңгені басшылыққа беру керек, ақша бермесең қызметтен кетесің. Былыққа батқан мектептен оқушылар сапалы білім ала ала ма?

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сөзімен айтсақ, жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Білігімен емес, ақшасымен жұмысқа орналасқан мұғалім содан соң кеткен шығынын ата-аналардан қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді. Нұрболат Әлдибектің "Жас Алаш" газетіндегі мақаласынан, Министр директорды орнынан алды, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірақ мұндай сорақылық ұмытылмайды. Ұжымға, оқушыларға рухани нұқсан келтірді. Қасиетті білім ордасының ар-намысын таптады. Қазақ мектептері білім бере алмайды, оқулықтары түсініксіз жазылған, сондықтан баламызды орыс мектебіне беріп жүрміз деушілердің айызын қандырды. Мектеп директорының былығын әшкерелеген мектеп ұжымы мен ата-аналар деп олардың батырлығына рақмет айтып жүрсек, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың мектеп директорлары туралы айтылған сыны оларға дем берген екен. Б.Сапарбаев қай облысқа барса да әділдік орнатып, халықтың жоғын түгендеп ұлттың мүддесі үшін қызмет атқарып жүрген ары таза азамат. Осындай әкімдер көп болса, жемқорлықтың түбіне балта шабылар еді. Тараздағы бұл айқай-шудың пайдасы мектепті күзететін күзетшісінен, еден жуушыдан, жаңадан қабылданған қызметкерлердің бір айлық жалақысын қағып алатын басшысымақтарға сабақ бола ма деген үміт бар. Ал зиянды жағы оқушыларымызды жемқорлыққа, өтірік іске үлкендер үйретіп жатыр. Мектептегі "дедовщина" - әлімжеттік соның көрінісі. Халықаралық олимпиада, ғылыми жоба байқаулары, республикалық олимпиада шын жүйріктерді таңдап алып, ақша арада жүрмесе осыған қырағылық танытсақ деген ниетімізді білдіріп жатқанымыз ғой!

Сонымен кейінгі кезде мектептерде жөндеу жұмысы, т.б деп ақша жинау азайды дейді, кейбір мектептердің директорлары ақша жиналмайды деген хабарландыруды ілгізіп қояды, ал ата-аналар комитетіндегі әсіре белсенділер балаңа, күйеуіңе білдірме, әйелдер мерекесі деп әр оқушыдан бес мың теңге жинағандарға не дейміз? Өз мектебіндегі жағдайды директор білмейді дегенге кім сенеді, әрине арлы директорлар мұндайға жол бермейді, ұжымды құрап отырған педагогтердің қолы таза болса жөнсіз кеткен, ұят деген сөзді ұмытқан директорды ауыздықтай алады, мен істеген мектепке 1989 жылдарда (аты-жөні өзгертілді) Базарбаев деген директорсымақ келді. Бірде он бірінші сыныптың оқушылары сабақ кестесіне жаңа Сольфеджио пәні енгізілді деді. Зерттеп қарасақ, әйелі үшін он бірінші сыныпқа сольфеджионы енгізіпті, басқа да былықтары байқалған соң Білім, ғылым министрлігіне хабарланды. Директор қызметтен кетті. Ұжым мықты болса директор санасуға мәжбүр болады. Жемқорлықты тоқтату үшін ұжымның біріккен түрде қырағылығы керек. Ал мектеп директорларының қызметінде қиындық барын да мойындауымыз керек. Оларға да ұжым тарапынан қолдау қажет. Қалалық жерде бір мектепте 1200 оқушы, мектеп жетіспеушілігі болғандықтан 1200 балаға арналған мектепке 2000 оқушы, оған ата-ананы қосыңыз, педагогтердің саны - 150. Шаруашылықпен айналысатындар тағы бар. Сонда директордың қарамағында үш мыңға жақын адам бар, жүздеген мінез, әртүрлі тағдырлы азаматтар, өз мүддесін мектеп мүддесінен жоғары қоятындар, кертартпа, іші тар, қызғаншақ, сөз тасып бірді-бірге соғатындар, енжарлар мамандығын игере алмай, оқушылармен тіл-табыса алмай жүргендер. Өз баласының тәрбиеде кеткен кемшілігін мектептен көретін ата-аналар кездеседі. Мектептің іші-сыртын таза ұстау, жөндеуден өткізу - тізе берсең күн сайын проблема туғызып отыратын сан түрлі оқиға бар.

Мысалы ақпан айының аяғы Шымкенттің №83 мектебінің мұғалімі 22 жастағы Батыр Кушбаевтың сабағына сынып оқушылары түгел кешігіп келген, сылтауы әжетхана болған. Мұғалім алғашқы кірген оқушының бетінен ұрып жіберген. Кінә кімнен? Әрине мұғалімнен. Сабағы қызық өтпейтін болуы керек, оның үстіне оқушыларды мылжың сөзбен мезі қылған шығар. Сондықтан оқушылар уақытын азайту үшін әдейі кешіккен. Мұғалім педагогикалық әдептен жұрдай екенін көрсетті, мектебінің атын шулатты, директорының беделін төкті.

Педагогтік әдеп дегенді бойында қалыптастырмағандар баршылық. Педагогтік әдеп - педагогтің кәсібінің негізгі белгісі. Педагог әдебі педагогтің киім киісінен, жүрісінен, сөйлеген сөзінен байқалады. Педагогтердің білімін, білімділігін арттырып сабақ берудің әдіс-тәсілдерін үйретеміз деп курстан курсқа жібереміз, мақсатымыз ұстаздың шеберлігін арттыру, ал ұстаздың шеберлігін шыңдадық.

Нені ескермей жүрміз? Педагог әдебі туралы лекциялар оқылмайды. Педагог әдебі және ұстаздық шеберлік бірімен-бірі ұштаспаса, педагог бойынан орын алмаса, оқушылардың жүрегінен педагог орын ала алмайды. Педагог мәртебесі туралы шығарылған заң бос айтылған сөз болады. Педагогтік әдеп, ұстаздық шеберлігі жоқ директор мен педагогсымақтарда әділдік болмайды, әділетсіздік үстемдік орнайды. Қырағы көз, байқағыштық қасиеттер жойылады, ұжым көрінген бастықтың құлы, құлқынның құлы болады, білімсіз оқушылар, тәрбиесіздер саны көбейеді. Енді қамқор директор туралы сөз етейік. Мен мектепте елу жеті жыл ұстаз болдым, он екі директормен істес болдым, соның үшеуі туралы басылым беттерінде жаздым, "Ұстаз бақыты" деген кітабыма енгіздім. Содан үзінді келтірейін. 1961-62 жылы Алматыда Алматы облысының шопандарының балалары үшін №9 мектеп-интернаты ашылды. Директорлыққа қыздар институтында сабақ беретін тәжірибелі ұстаз, доцент Жалила Жанғазиевна Жулаеваны шақырды. Топырағы торқа болсын, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті ғажап, білімді, өнер ілімін де меңгерген, өзі әнші, психолог әрі анамыздай ақылшы, қамқоршымыз болды. Ұжымды жақсы қалыптастырды, еркетотайлардың, жалқау, енжарлардың жынын қағып алды. Бір жиында мұғалімдер мәдениеті туралы сөз қозғады. Біздің мектепте олпы-солпы жүретін қызметкерлер жоқ, сонда да болса, кейде асығып түймең дұрыс салынбай, жағаң, галстугың қисайып, аяқ киімің сүртілмей жүрмесін, бес минут кешіксең де дұрыс жүр. Сенің әрбір қадамыңды бақылап отырған оқушыларың бар. Театрға киетін киіміңді мектепке киме, саусағың толған сақина болмасын. Дәмді сөйле, ойланып сөйле, асығамын деп бір сөздің басын айтып, екінші сөзге көшіп кетпе, "мылжың апай", "бос сөйлейтін ағай" деген сөздерді соңыңнан ергізбе, өзің мәдениетті болмай, оқушыдан мәдениеттілікті күтпе. Оқушының мәдениетті болуы - ол ең алдымен, сенің, мына отырған бәріміздің еңбегіміз, яғни педагогтер ұжымының еңбегі, ұжым іскер болса, бастық соған еліктейді. Оның өз қызметкерлерінен қалып қоюға қақысы жоқ. Ал әдемі киін дейміз, көйлек тіктіруге уақытың да жоқ, талапты көп қоямыз, қамқор болуды ұмытып кетеміз. Келесі жетіден бастап ательеден киім тігетін шеберлерді шақырайын, үйде жатқан әдемі маталарыңды ала келіңдер деді. Енді бірде жаңа жыл қарсаңында шаштараз шақыртамын деді. Шаштарыңды сәнді етіп жасаттырып алсаңдар, қай ортаға барсаңдар да әдемі болып жүресіңдер. Ақшаларыңның ретіне қарай көрерсіңдер, аяқ-киім тігетін шеберлер келеді, дүкеннен керекті аяқ-киім таба алмай жүргендерің бар, соны ескердім. Естеріңде болсын сырт көз аяқ-киімге қарайды дейтін. Әрине ол кезде сізге қажетті дүниелер дүкенде жоқ болатын, қазір заман өзгерді, бәрі бар. Бұл жерде директордың өз ұжымына жасаған қамқорлығын айту. Мектеп-интернаттан автобусқа отыру үшін екі шақырымдай жүретінбіз. Интернат тәрбиешілері түнгі онда қызметтен шығады. Сонда Ж.Жанғазиева жолдасын шақыртып алып аялдамаға бірге келеміз. Әрқайсымыз өз автобусымызға мініп кеткенше, тосып тұратын. Сіздердің қауіпсіздігіңіз керек. Аман-есен үйлеріңе жетіңдер, менімен бірге күні-түні жүресіңдер, үй-тірліктеріңді ұмыттыңдар, күйеу балаларды ренжітіп жүрген жоқпын ба дегенде жүрегім ауырады. Бірақ мектеп-интернат жұмысы соны талап етеді, ренжімеңдер қыздар деп отыратын. Міне осындай директорлар көп болсын дей отырып, бүгінгі күні Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы №178 лицей (физика-математика бағытындағы) директоры Шадиев Қайрат Хамзаханұлының іскерлігі үлгі аларлықтай. Шадиев Қайрат - экономика ғылымдарының кандидаты, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалының штаттан тыс тренері, "2014 жылдың үздік педагогі" атағының иегері. Лицей 1200 оқушыға арналғанымен, оқушылар саны 2058. Ұстаздар саны - 153, директорың өзі - зерттеуші, талап ете отырып үйретуші, жігерлендіруші, тынымсыз, бірде сабақ беріп жатса, үзілісте оқушылар арасында жүреді, орнымен қалжыңдасады, енді бірде ата-анамен тұрғаны, ерте келіп кеш кетеді. Қанша оқушы болса соншасы ұжымның, директордың бақылауында. Сондықтан, бұл мектепте тәртіп бұзушылар жоқтың қасы. Педагогтер да өз мектебінің патриоты. 153 педагогтің 122-сі жаңартылған білім мазмұны бойынша толықтай дайындықтан өткен. 60 педагог – педагог-зерттеуші, 3 "үздік педагог", 17 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, жоғары санатта 22, магистрлер – 22, 1 педагог – Phd докторы, қалғандары 1-2 санаттағылар.

Білімді де, білікті директордың, жаңашыл ұстаздардың арқасында мектептегі білім сапасы, оқу үлгерімі жоғары. 2017-2018 жылы алтын белгі алғандар – 58, 2018 – 2019 ж – 41, 2019 – 2020 ж – 60 болады деп отыр. Үздік аттестат 2017-2018 ж – 23, 2018 -2019ж – 24, 2019-2020 ж – 21, халықаралық байқау 2017-2018 ж – 2, 2018-2019ж – 6, 2019-2020 ж – 2. ҰБТ нәтижесі 2017-2018 ж – 102,8%, 2018-2019 ж – 112,9%.

Ендігі айтпағым жас тәжірибесі жоқ директорларға кеңесім:

Біріншіден, директорларда адам танитын қасиеті, қабілеті болу керек. Сонда ұжымының жан-жүрегі болады. Директор өзін емес, ұжымын жақсы көрсін, олардың істеген ісін әділ бағаласын. Сонда ұжымның жұмысқа деген ынтасы ерекше болады. Ұжымыңа қамқорлық жаса, қамқорлық жоқ болса жұмыс қызық болмайды.

Екіншіден, ұжымға мотивация беру үшін директордың өзі новатор, идеясы көп болса, өнегелі болса онда қарамағыңдағыларға бақыт сыйлайды.

Үшіншіден, беделді болғың келсе, руға, жершілдікке бөлінбе, командаңмен келме, сыбайлас, жемқор болма, сыбайластықты, парақорлықты қолға алсаң жеңе аласың. Өсек тыңдама, әділ бол. Әр педагогтің сабағын талдай біл, педагогтерден үйренетінді үйрен, өзің де ашық сабақ бер, түрлі шаралардың басында өзің тұр, сол істе үлгі бол. Талап етуші бол, бірақ орнымен талап қой. Өзіңнің жүріс-тұрысыңнан да, әдептілігіңнен де, біліміңнің артықшылығынан да, сөйлеген сөзіңнен де жақсы қасиеттерің көрініп тұрсын. Күдік тудырма, сене біл, төзімділік сақта, бірақ әрдайым бақылау да керек.

Төртіншіден, педагог әдебі дегенді еске салып отыру керек.

Мынадай проблемалар шешуін таппай келеді:

Біріншіден. Қалта телефонын мектепке кіргізбей отырған мектептер бар. Дұрыс жасап отыр. Сонымен бірге қалта телефонымен күресе алмай отырған мектептер бар. Ол жерде сабақ тәртібі бұзылады.

Екіншіден. Бір қаладағы біраз мектептің оқушылары театрға бармайды. Қазақ өнерінен шет қалып барады. Көркем әдеби кітаптар да шала оқылып жатыр. Кейбір мемлекеттерде тілін дамыту үшін мектептерде 20 минуттық көркем әдеби кітаптар оқытылып және үйде күніне 20 минут кітап оқуды бақылауда ұстау үшін ата-анасына тапсырып, ертеңінде тапсырманың орындалғанын сұрап отыратын әдістері бар екен. Мұндай пайдалы әдістерді біздің мектептерде де қолдануға болады. Бәрі де директор мен педагогтер ұжымына байланысты.

Үшіншіден. Қазақ мектептерінің санының көбейгеніне қуанамыз. Өкініштісі, сол кейбір мектептердің оқушылары таза қаза тілінде сөйлей алмайды, сөздік қоры бай емес. Сондықтан білімі де шала. Үзілісте ресми тілде сөйлеп тұрған оқушыларды көресіз, үйінде де, қоғамдық орындарда да солай. Әрине мектеп ата-анадан көреді. Ол да рас, ата-ананың тілі орысша, баласын қазақша берген соң оның обалына қалмай, дұрыс білім алуын көздесе, өзі де өз тілін үйренуі керек екенін білсе де талпынбайды. Мектеп үнемі ата-анаға осы жағдайларды ескертіп, талап етуге құқығы бар ғой. Мектеп ұжымы директордан бастап оқушылардың тіл тазалығына, ойының тазалығына үнемі мән берсе, оқушылар тыңдамайды деген сөз - бос сөз, біз де оқытушы болдық қой. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде мектептердің атқаратын рөлі зор. Олай болса ұлтымыздың тілінің үстемдік етуіне атсалысайық.

Орынша Қарабалина-Қазыбаева

ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, ардагер ұстаз

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети