Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 апреля 2020 14:55

"Коронавирусты жеңеміз" - қазақтандық спортшының челленджіне 1000-нан аса адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде әлеуметтік желіде танымал адамдар бастап жатқан челлендждердің түрі көп. Алайда спортқа баулыған бастамалар көп емес. Қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі Тимур Спатаев қазақстандықтарды үй карантині кезінде уақытта босқа өткізбей, спортқа ден қоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгінде әлеуметтік желіде танымал адамдар бастап жатқан челлендждердің түрі көп. Алайда спортқа баулыған бастамалар көп емес. Қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі Тимур Спатаев қазақстандықтарды үй карантині кезінде уақытта босқа өткізбей, спортқа ден қоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тимур Спатаев бұл челленджді Instagram желісінде 20 күн бұрын бастаған.

"Спорт - салауатты өмір салты. Карантин кезінде кішкентай бүлдіршіндерге уақыт тауып, балаларды спортқа баулуға, тазалыққа, білімге шақырамын деген оймен челлендж бастағанмын. Бірақ соның ішінде ең қарқынды спорт жағын дамытсам деген ой болды", - дейді спортшы.

Тимур Спатаевтың айтуынша, челлендждің басты мақсаты - спорт арқылы коронавирус індетін жеңу.

"Күнделікті өмірде үйде телефонға қарап отыра бермей, уақытты бос өткізбей, спортпен шыңдалу керек. Челлендждің мақсаты - коронавирусты жеңу. Спортпен шыңдалған адам бәрін жеңеді", - деп түсіндірді Тимур Спатаев.

View this post on Instagram

A post shared by Темір Спатаев (@temir_spataev) on

Спортшының айтуынша, күнделікті өмірде спортқа ден қойып, арнайы кесте құрып қоюға болады.

"Мен өзім ғана спортшы болмай, әр қазақтың баласын мықты болуға шақырамын. Ондай адам қай жерде болсын рухпен жеңіп шығады. Біз балаларға қандай үлгі көрсетіп жатырмыз? Қазір үйде күнделікті спортпен айналысып жатқан адам отбасын мығым ұстайды. Оларда артық уақыт болмайды. Мысалы, мен спортпен әрдайым айналысқандықтан, менің уақытым жоқ. Менде кесте бар. Сол бойынша айналысамын", - дейді спортшы.

Тимур Спатаев бастаған спорт челленджіне тек Қазақстан тұрғындары емес, сонымен қатар, шетелдегі қазақстандықтар да қатысып жатыр.

"Челленджге шетелден де адамдар қатысып жатты. Оның ішінде Ресей, Дубайдан, Кореядан, Парижден қабыл алды. Барлығымыз бір-бірімізді қолдап жатырмыз. Қазір бір жұдырықтай болып шыңдалып жатырмыз. Қатысушылардың санын отырып санаған жоқпыз, бірақ жалпы 1000-нан асып кетті", - дейді спортшы.

Челлендждегі ең жас қатысушы 3 жаста.

"Жалпы бұл бастама адам талғамайды. Тек ер адамдар емес, сонымен қатар, қыз балалар да қатысып жатыр. Еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін қатысып жатыр десем артық айтпағаным. Ең жас қатысушы 3 жаста, ең үлкені 66-дағы қария", - деді Тимур Спатаев.

View this post on Instagram

A post shared by Темір Спатаев (@temir_spataev) on

Айта кетейік, Тимур Спатаев бала күнінен спортқа бейім. Ол 1982 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында спортшылар отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі. Спортта жүргеніне 25 жылдай болған. Халық арасында "әмбебап спортшы" атанған ол спорттың бірнеше түрімен кәсіби түрде айналысады. Спортқа бетбұруына әкесінің ықпалы тиген. Тимур Спатаевтың күш экстримі бойынша кәсіби түрде айналысып, рекорд орнатып жүргеніне үш жылдай болған. Негізгі мақсаты - қара күшті елге, әлемге насихаттау.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.85   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети