Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 октября 2020 13:48

Камчаткадағы экологиялық апат: теңіз жануарларының жаппай қырылуына не себеп болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 қазаннан батсап әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жантүршігерлік хабар тарай бастады. Азияның солтүстік-шығысындағы ірі түбек, Ресейдің Камчатка өлкесі және Коряк автономды округі аумағына кіретін Халактырский жағалауы теңіз жануарларының өлі денесіне толды. Желіде экологиялық апаттың фотосуреттері мен видеосы тарап кетті. Танымал ресейліктер бірден жағдай бақылауға алынуы керегін айтып, дабыл қақты. Камчаткадағы теңіз жануарларының жаппай қырылуына не себеп болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.   


2 қазаннан батсап әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жантүршігерлік хабар тарай бастады. Азияның солтүстік-шығысындағы ірі түбек, Ресейдің Камчатка өлкесі және Коряк автономды округі аумағына кіретін Халактырский жағалауы теңіз жануарларының өлі денесіне толды. Желіде экологиялық апаттың фотосуреттері мен видеосы тарап кетті. Танымал ресейліктер бірден жағдай бақылауға алынуы керегін айтып, дабыл қақты. Камчаткадағы теңіз жануарларының жаппай қырылуына не себеп болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.   

Жануарлардың жаппай қырылуының себебі не болуы мүмкін?

Бастапқыда Халатырский жағалауындағы мыңдаған жануардың қырылуына химиялық ластану себеп болуы мүмкін екені айтылды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жануарлардың өлі денесі толы жағалаудың суреттерін бөлісе бастады. Желіде тараған видеоларда теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі мен сегізаяқтардың өлі денесі жатқаны айтылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kristy Fury (@kristy_rozenberg)

РИА Новости мәліметі бойынша, сейсенбі, 29 қыркүйекте Камчатка аймағының басшысы Владимир Солодов серферлер Халатырский жағалауындағы судың түсі өзгергенін айтқанын хабарлаған. Ал жергілікті тұрғындар суға түскеннен кейін көздері ісіп, денелері тітіркене бастаған.

Мамандар бірден судың сынамасын алып, мұнай өнімдерінің мөлшері нормадан 3,6 есе, фенолдар (улы, теріге тисе күйдіреді) - екі есе көп екенін анықтаған. Жергілікті билік теңіз суының ластануына, алдын ала мәлімет бойынша, техникалық майлар себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған. Тұрғындарға теңіз суына түсуді тоқтату ұсынылып, табиғатты қорғау прокуратурасы тексеруді бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anton Morozov l Snowave (@snowave_kamchatka)

Камчатка аймағының табиғи ресурстар және экология министрінің уақытша міндетін атқарушы Алексей Кумарьковтың айтуынша, жақын маңдағы шығанақтарда да жануарлардың өлі денесі табылғандықтан сол аймақтардағы судың да сынамасы алынған.

"Нәтижесі дүйсенбі шығады. Бірақ қазірдің өзінде мамандар ол жерде мұнай өнімдері шамадан тыс көп екенін айтып жатыр. Ол не және оның пайда болуына не себеп екенін қадағалау органдары анықтайды", - деді Кумарьков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Юрий Дудь (@yurydud)

Ол жануарлардың жаппай қырылуы, адамдардың денесінің тітіркеніп, түрлі симптомның пайда болуы мен судың түсінің өзгеруі бір-бірімен байланысты екенін айтты.

"Жануарлардың денесінің теңіз жағалауына шығып кетуіне дауыл себеп болса болған шығар, бірақ жалпы жағдай химиялық ластануға байланысты екенін көрсетіп отыр", - деді ол.

Алексей Кумарьков бұған дейін шыққан мәліметті, яғни мұнай өнімдерінің және фенолдар нормадан бірнеше есе көп екенін растады.

Ал эколог Дмитрий Лисицын экологиялық апаттың себебін анықтау үшін бір рет су сынамасын алу жеткіліксіз екенін айтады. Оның сөзінше, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін әр жердегі және әртүрлі тереңдіктегі судың сынамасын алу керек.  

Маман ресми болжам бойынша жануарлар судағы мұнай қалдықтары мен фенолдың салдарынан қырылуы мүмкін екені айтылғанын, алайда өлі жануарлардың ішінде судың түбінде жүретін теңіз кірпісі мен теңіз жұлдыздары да табылғанын айтады. Демек улы зат судан да ауыр болған, ал мұнай судың бетінде қалатын зат. 

© intagram / Greenpeaceru

Алайда 3 қазанда Ресейдің Қорғаныс министрлігі тынық мұхиттық флоттың Петропавлск-Камчатка аймағынан 30 шақырым жерде орналасқан Халатырский мұхит суының ластануына қатысы жоғын мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, маусым айынан бері Радыгино полигонында ауыр жауынгерлік техниканы қолданумен ешқандай оқу-жаттығу өткізілмеген. Сондай-ақ әскери-теңіз флоты бұл аймақта кемелер мұнай өнімдерінің ірі партиясын тасымалдамаған болып шыққан. 

Дегенмен, соңғы мәліметтер бойынша, Камчатка билігі экологиялық апаттың болуының үш себебін қарастырып отыр. Бұл туралы бүгін Камчатканың губернаторы Владимир Солодов мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші себеп - техногендік ластану болуы мүмкін.

"Улы заттардың бөлінуі. Нақты қандай улы заттар? Егер бұл нұсқа дәлелденсе, жағдайдың мән-жайын анықтау керек. Тағы бір нұсқа бойынша табиғи әсерлер, табиғи құбылыстар әсер етуі мүмкін. Яғни ол дауыл кезінде теңіз жағалауына шығып кеткен балдырлармен байланысты болуы мүмкін", - дейді Солодов.

Сондай-ақ үшінші нұсқа бойынша жануарлардың жаппай қырылуына "жанартау көріністермен" байланысты сейсмикалық белсенділік себеп болуы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети