Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 сентября 2020 15:27

"Бәріне кінәлі". Трамп Қытайды айыптаудың "екінші толқынына" көшті ме?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Тағы да Трамп пен Қытай. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға айып тағудан "жалықпайды". Қытай тарапы біріне жауап берсе, екіншісіне үнсіз қалады. Tengrinews.kz тілшісі америкалық басшының айыптауы мен ҚХР билігінің жауабын ұсынады.


Тағы да Трамп пен Қытай. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға айып тағудан "жалықпайды". Қытай тарапы біріне жауап берсе, екіншісіне үнсіз қалады. Tengrinews.kz тілшісі америкалық басшының айыптауы мен ҚХР билігінің жауабын ұсынады.

Дональд Трамп мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео COVID-19 Ухан лабораториясынан бастап бүкіл әлемге тарағанын растай алатынын мәлімдеді. Ғалымдар мұндай қорытындыны "расталмаған" десе, барлау агенттіктері қарама-қарсы қорытынды шығарды. Ал Қытай билігі АҚШ әкімшілігінің айыптауымен келіспеді.

"Ертелеу айту керек еді"

19 наурызда Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Трамп "Қытай вирус туралы ерте айтпады" деп кінәлады.

Біз бұл туралы бірнеше ай бұрын естігенде жағдай жақсы болар еді. Ол (вирус - авт.) Қытайдағы сол ауданда қалар еді. Дүние жүзі олардың (Қытайдың) істегені үшін шығынға батып отыр", - деді ол. 

Трамп пен Си Цзиньпин сөйлесті: "зор құрметпен"

Алайда Трамп пен Си Цзиньпин 27 наурызда телефон арқылы сөйлескен. Сол кезде АҚШ президенті Twitter желісінде айыптау емес, "бірге жұмыс істеп жатқанын" жазған.

"Жаңа ғана ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жақсы әңгімелестік. Коронавирусты және оның дүние жүзінде жылдам таралуына байланысты толық талқыладық. Қытай вирус деген түсінікте алға кеткен. Біз бірге тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Зор құрметпен", - деп жазды Трамп.

Содан кейін Трамп пен Помпео коронавирусты "қытайлық" немесе "ухандық" вирус деп атауды да доғарды. 

Бірақ тағы да айыптаудың екінші "толқыны" басталып кетті.

"Қытайдың коронавирусқа реакциясы "классикалық коммунистік дезинформация" болды", - деді Майк Помпео ABC телеарнасының сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында.

Қытайға қарсы санкция 

Кейін АҚШ ақпарат құралдары президент әкімшілігі Қытайға қатысты жаза қолдану шарасын қарастырып жатқанын жазды.

"Біз әлі нақты сомасын анықтамадық. Бұл - өте ауқымды. Әлемдегі жағдайға қарасақ - бұл дүниежүзілік шығын. Бұл - АҚШ шығыны, бірақ бүкіл әлемнің шығыны", - деді Трамп Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында.

Осылайша АҚШ Қытайға қарсы салық салуды көздеді.

"Сайлауда жеңуіме кедергі жасамақ"

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай 2020 жылғы қарашада өтетін президент сайлауында "кедергі жасау үшін бәрін жасайтынын" айтты.

"Мен осы жарыста жеңіліп қалуым үшін Қытай бар мүмкіндікті жібермейді", - деді ол Reuters-ке берген сұхбатында. 

"ДДҰ Ухандағы лаборатория туралы білді"

Содан соң АҚШ Қытаймен қоса ДДҰ-ны да кінәлай бастады. Interfax мәліметінше, Дональд Трамп Қытай билігімен қоса Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да коронавирус пандемиясына кінәлі деп атап өтті. Ол "ДДҰ мен Қытайдың келіссөзі болуы мүмкін" деген болжаммен америкалық арнайы қызмет мамандарына тергеуді тапсырды. 

"Бүгінде әлем қытайлық үкіметтің құқыққа қарсы іс-әрекетінен зардап шегіп отыр. Қытайдың "ухандық" вирус туралы ақпаратты жасырғаны инфекцияның бүкіл әлемге таралуына себеп болды және жаһандық пандемияға айналды. Жүз мыңдаған америкалық және дүние жүзі бойынша миллиондаған адамның өмірін жалмады... Қытай ДДҰ-ға жылына 40 миллион доллар береді, ал АҚШ жылына 450 миллионға жуық доллар төлейді. Соған қарамастан Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын толық қадағалайды", - деді Трамп. 

ҚХР жауабы - "Қытайды қаралап жатыр"

Ал ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн NBC арнасына берген сұхбатында айыптауға қатысты жауап берді. Ол "кейбір саясаткер жағдайды пайдаланып, Қытайды қаралап жатқанына өкінетінін" айтты.

"Бейжің коронавирус туралы қандай да бір ақпаратты жасырған жоқ", - деді Лэ Юйчэн.

Қытай АҚШ-тағы жұмыссыздыққа кінәлі

ТАСС мәліметінше, пандемия Америка экономикасына қатты әсер етіп, жұмыссыздық деңгейі артты. Елдегі орталық банк қызметін атқаратын АҚШ федералды резерв жүйесінің төрағасы Джер Пауэлл наурыз және сәуірдегі шектеу шараларының салдарынан 22 миллион америкалық жұмыссыз қалғанын, тек соның үштен бір бөлігіне жуығы мамыр айында жаңа жұмысқа шыққанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 11,1 пайыз болған. Бұл көрсеткіш коронавирус жаппай таралғанға дейінгі көрсеткіштен және 2008 жылы болған бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан әлдеқайда жоғары. 

Осы кезде АҚШ басшысы жұмыссыздыққа Қытайды кінәлі деді.

"Пелоси (Нэнси өкілдері палатасының спикері) және Шумер (Сенатта демократтардың басшысы) жұмыссыздық бойынша қажетті төлемдерді тоқтатты. Бұған, яғни жұмыссыз қалғанға қызметкерлер кінәлі емес, олар мұны мойындайды, бұған Қытай кінәлі", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

"Қытай қайтыс болғандар санын жасырып отыр"

Ал 2 қыркүйекте Трамп Қытайды елдегі коронавирустан қайтыс болғандар санын жасырып отыр деп айыптады. 

Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, қазір Қытайда жағдай қиын, ал пандемия салдарының шығыны біз ойлағаннан әлдеқайда көп.

"Олар он мыңдаған адамнан айырылды. Басқа елдерге қарағанда айтарлықтай көп адамнан айырылды, тек олар бұл туралы хабарламайды", - деді Трамп.

Бірақ журналистердің мұндай ақпаратты қайдан алдыңыз деген сұрағына Дональд Трамп жауап бермеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясында Қытайды жауапқа тартуға шақыру

Бүгін Трамптың БҰҰ-ны Қытайды әрекеттері үшін жауапқа тартуға шақырғаны туралы хабарланды. Бұл туралы ол сейсенбіде БҰҰ Бас Ассамблеясындағы видеоүндеуінде айтқан.

"Вирус таралуының алғашқы күндерінде Қытай ішкі сапарларға тыйым салды. Қытай үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы іс жүзінде Қытайдың бақылауында, вирустың адамнан адамға жұғуына ешқандай дәлел жоқ деп жалған мәлімдеме жасады. Кейінірек олар аурудың белгілері жоқ адамдар ауруды таратпайды деп жалған мәлімдеді.

(...) Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін және БҰҰ құрылғаннан кейін 75 жыл өткен соң біз тағы да Ұлы жаһандық күрестеміз. Қытай вирусына қарсы қызу күрес жүргізіп жатырмыз. Біз вакцинаны таратамыз, вирусты жеңеміз, пандемияны тоқтатамыз және бұрын-соңды болмаған өркендеу, ынтымақтастық және бейбітшіліктің жаңа дәуіріне енеміз", - деді АҚШ президенті.

"Қытай негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады"

Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь Трамптың сөзіне жауап бере отырып, Қытай коронавирусқа қатысты барлық айыптауды жоққа шығарып, оларды негізсіз деп атады.

"Қытай ҚХР-ға негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады, бұл айыптаулар мүлдем негізсіз. Басқалардың айтқанына қарамастан, Қытай көпжақты көзқарасты берік қолдайды, БҰҰ-ның халықаралық істердегі рөлін қолдайды", - деді Чжан Цзюнь.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети