Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 февраля 2020 13:42

"Жалақым - 272 мың теңге". Малайзияда сәулетші болып жұмыс істейтін қазақ жігітінің өмірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото жеке мұрағаттан Фото жеке мұрағаттан

Еламан Кульмагамбетов 25 жаста, Малайзияда тұрып жатқанына 7 жыл болған. Сонда сәулетші болып жұмыс істейді. Ол Малайзияның архитектурасы көптеген мәдениеттің қосындысы екенін айтады. Еламан Tengrinews.kz тілшісіне Малайзияға қалай көшіп кеткенін, сондағы сәулет пен тұрғындар туралы әңгімеледі.


Еламан Кульмагамбетов 25 жаста, Малайзияда тұрып жатқанына 7 жыл болған. Сонда сәулетші болып жұмыс істейді. Ол Малайзияның архитектурасы көптеген мәдениеттің қосындысы екенін айтады. Еламан Tengrinews.kz тілшісіне Малайзияға қалай көшіп кеткенін, сондағы сәулет пен тұрғындар туралы әңгімеледі.

Еламан 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасы үлкен, төрт ағайынды: ағасынан бөлек, екі қарындасы бар. Қазақ мектебінде білім алып, кейін шетелге оқуға кеткенін айтады.

"Мектепті бітіретін кезде түрлі елдегі грант пен шәкіртақы туралы біле бастадым. Көңілім Малайзияға ауды, сәулетші мамандығына түскім келген, бірақ колледжге ақпараттық технология мамандығына грант жеңіп алдым. Сөйтіп, сол колледжде 3 жыл оқып шықтым. Артынша, сәулетші мамандығы бойынша бакалавриатқа түсіп, тағы төрт жыл тәлім алдым. Осылайша, Малайзияда қалып қойдым", - дейді ол.

Қазір Еламан Малайзия астанасы Куала-Лумпурде шағын сәулет компаниясында жұмыс істеп жатыр.

"Жалақым көп емес. Қазір айына 3000 ринггит (272 мың теңге) аламын. Одан бөлек шағын қосымша табысым бар. Жарнамалық түсірілімдерге қатысамын. Ол жақта аз дегенде 330 ринггит (30 мың теңге) береді. Соңғы рет compagn shoot түсірілімінде жалақым секілді 3000 ринггит берді", - дейді Еламан.

Алматылық жігіт түрлі түсірілімге түскенімен, негізгі жұмысы сәулетші екенін айтады. Сондықтан Малайзиядағы қалалардың сәулетіне ерекше көңіл бөледі екен.

"Малайзиядағы архитектура - күрделі элементтердің қосындысы. Ішінде ислам дизайны бар. Еуропалық елдердің отаршылық бақылауы мен азиялық дәстүр қосылған. Азия мен Еуропа ықпалы ел қалаларына ерекше көп мәдени мұра сыйлаған. Мұнда үкімет ғимараттары, шіркеулер, алаңдар мен бекіністер ерекше. Оның бәрі қосылып қаланың архитектуралық ландшафтын бірегей қылады, мұндай сәулет Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда табылмайды, сондықтан ол бүкіләлемдік мұра тізіміне енген", - дейді Еламан.

Оның айтуынша, елде автокөлік өнеркәсібі дамып келеді, кондиционер, теледидар өндіру саласы да жолға қойылған екен.

"Малайзия - көпмәдени қоғам. Негізгі этникалық топ - жергілікті малайлар, сондай-ақ қытайлар мен үндістер көп. 1970-жылдары билік экономиканы әртараптандырған. Қазір Малайзия индустриялық елге айналу жолында. Елде автокөлік өнеркәсібі гүлденіп жатыр, тоқыма, кондиционер, теледидар және бейнемагнитофон шығару секілді шағын кәсіптер де негізді секторды құрайды. Жоғары технологиялық қуаты артып келеді", - дейді ол.

Куала-Лумпурде тұратын алматылық жігіт қазақ халқы мен малайзиялықтарды бір нәрсе байланыстыратынын айтады.

"Малайлар мен қазақтардың бір ғана ұқсастығы деп дінді айтар едім. Екі ұлт та - мұсылман. Конституция бойынша, елдің негізгі діні - ислам. Соған қарамастан Малайзияда басқа да дін өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Негізі Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджва қазақстандық Данияр Кесікбаевқа тұрмысқа шыққан соң тұрғындар қазақ елі туралы біле бастады", - дейді Еламан.

Данияр Кесикбаев женился на дочери премьера Малайзии

Ол Қазақстан мен Малайзияның тіршілік қарқыны әртүрлі екенін айтты.

"Мұнда бәрі өте баяу. Кейде уақытты тоқтатып тастағандай көрінеді. Ешкім ешқайда асықпайды. Ал Қазақстанда бәрі өте жылдам, бір нәрсе істеп үлгермейсің. Малайзия ресми түрде мұсылман елі болса да, бұл қауіпсіз жер деп айта алмаймын. Мотоциклмен жүріп сөмке, телефон, қымбат заттарды ұрлап кететіндер өте көп. Мен де талай рет сондай ұрылардан зардап шеккенмін. Басында мұндағы тамақтарға да үйрене алмадым. Ал қазір бәрі жақсы, бәрі ұнайды", - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанға жақында келіп кеткен екен.

"Былтыр жаңа жыл алдында елге барып қайттым. Араға жеті жыл салып, Жаңа жылды отбасыммен қарсы алғым келді. Өкінішке қарай, Қазақстанға ұшақ билеттері қымбат. Сол ақшаны басқа елге саяхаттаумен жұмсағанды жөн көремін. Қазақстанға әлі оралып үлгеремін", - дейді ол.

Бүгінге дейін Еламан 19 елге саяхаттаған. Оның ішінде Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Австрия, Швейцария, Аустралия, Гонконг, Индонезия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Тайвань, Филиппин секілді елдер бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.66   490.7   4.89 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети