Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 апреля 2021 16:27

Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/tolkynzabirova Фото: instagram.com/tolkynzabirova

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты. 

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидененің арқасында жеңілірек өтіп жатыр", - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ, ол анасы да ауырып жүргенін айтты. 

"Анама ауыр болып тұр! Жасы 74-те! Алла шипасын берсін анама, дер кезінде екпе алған дүрыс екен. Бірақ осындай жаста үлкендерге жасатуға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар!", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Толкын Забирова - Калкажан (@tolkynzabirova)

Айта кетейік, америкалық мамандардың пікірінше, COVID-19-ды екінші рет жұқтыру вирустың ағзада қайтадан пайда болуымен де, бір вирустың бірнеше уақыт адам организмінде қалып қоюымен де байланысты болуы мүмкін.

Коронавирусты екінші рет жұқтыру себебі айтылды

Коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі сирек кездеседі және ғалымдар әзірге ол қайтадан жұқтырумен байланысты ма, әлде бір вирустың адам ағзасында ұзақ сақталуымен байланысты ма, жоқ па нақты айта алмайды. 

Ал Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру дерегі алғаш былтыр қарашада тіркелген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.02   490.7   4.86 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети