Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 августа 2023 17:14

"Екі қолы, үстінің бәрі қан ер адам алдымнан шықты". Жұмыс орнында өлі табылған медбикені күдікті 5-6 рет пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Кеше Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханада медбике жұмыс орнында өлі табылды. Күдікті - Қошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғыны, оны полицейлер бір сағаттың ішінде ұстаған. Massaget.kz тілшісі қайғылы оқиға болған ауруханаға барып, оқиғаның мән-жайын біліп келді.


Кеше Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханада медбике жұмыс орнында өлі табылды. Күдікті - Қошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғыны, оны полицейлер бір сағаттың ішінде ұстаған. Massaget.kz тілшісі қайғылы оқиға болған ауруханаға барып, оқиғаның мән-жайын біліп келді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қайғылы оқиға перзентхананың өзінде болған. Марқұм Айнұр Шакаримова бұл мекемеде 2012 жылдан бері, 11 жылдай қызмет атқарған.

"Әріптесіміз өте салмақты еді. Мінезі жағынан ешқашан теріс қылық көрсеткен емес. Өз жұмысын біліп, келіп, жұмысын істеп жүретін. Көп сөйлемейтін", - дейді Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының Ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары Индира Кабаева.


Индира Кабаева

Ол қайғылы оқиға болған күнді баяндап берді.

"Мен аурухана әкімшілігінен келе жаттым. Перзентханаға кіріп келе жатқанда екі қолы, үстінің бәрі қан ер адам алдымнан шықты. Орнымда тұрып қалдым. Екінші қабаттан дауыс естілді, мен бірден реаниматологты сонда жібердім. Мен әлгі ер адамның артынан қарадым. Ол изоляторға тығылып, артынан қашып кеткен. Кейіннен мен де екінші қабатқа көтерілдім", - дейді Индира Кабаева.

Перзентханаға кірген кезде екі есік тұрады. Біріншісі - орталық есік. Ол жерге ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ. Тек аяғы ауыр әйелдер кіре алады. Бұл есіктен кіріп-шығатындарды күзет тексеріп отырады.

Екіншісі - қызметтік есік. Ол жерге аты айтып тұрғандей тек перзентхана қызметкерлері кіреді. Ол арқылы дәрігерлер, хирург мамандар және тағы басқасы қызметкерлер ғана кіре алады. Оларды күзеттегілер тексермейді. Сондықтан қызметтік есікке көп мән берілмейді. Медбикені пышақтап өлтірді деген күдікті осы қызметтік есіктен кіріп кеткен.

Перзентхана күзетшілерінің сөзінше, күдікті осыған дейін бір апта бұрын аурухана алдына бір шоқ гүлімен келген. Ол кезде күдікті перзентхананың сыртында жүрген, күзетшілер оны кіргізбеген.

Есік әдетте кілттеніп тұрады. Тек күндіз қызметкерлер кіріп-шығуы үшін ашық тұрады екен.

Фото: Massaget.kz

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети