Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 февраля 2020 16:16

Қаржы пирамидасы: Желіде жарнама жасағандар қалай жазаланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото. © Тұрар Қазанғапов

Желіде жұлдыздар да, қарапайым қолданушылар да түрлі қызметті жарнамалап жатады. Оның кейбірі заңсыз жұмыс істеп, қаржы пирамидасы болып шығуы әбден мүмкін. Ал сондай қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартыла ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Жанна Таженова айтып берді.


Желіде жұлдыздар да, қарапайым қолданушылар да түрлі қызметті жарнамалап жатады. Оның кейбірі заңсыз жұмыс істеп, қаржы пирамидасы болып шығуы әбден мүмкін. Ал сондай қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартыла ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Жанна Таженова айтып берді.

Заңгердің сөзінше, жұлдыздар жарнамалаған компаниялар қаржы пирамидасы болып шықса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл кодекс бойынша қаржы пирамидасын жарнамалаған жеке тұлғаларға 150 айлық есептік көрсеткіш (400 мың теңгеге жуық айыппұл), лауазымды тұлғаларға 170 АЕК (450 мың теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

"Бірақ жұлдыздар мұндай жазадан құтылып кете алады. Іс сотқа жетсе айыптаушы олардың жарнамалап жатқан компанияның қаржы пирамидасы екенін білгенін дәлелдеуі қажет", - дейді Жанна Таженова. 

Оның айтуынша, көп жағдайда жұлдыздар да жарнамалап жатқан компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмей қалады. 

"Қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарды міндетті түрде жауапкершілікке тартуға болмайды. Себебі жұлдыздардың өзі де оның негізгі қызметін білмеуі мүмкін. Олар қаржы пирамидасын емес, халыққа көмек көрсететін ломбардты жарнамалап жатырмын деп ойлауы мүмкін. Заң бойынша мұндай жағдайда жұлдыздарды жауапкершілікке тартуға болмайды", - деді Жанна Таженова. 

Оның айтуынша, жұлдыздар желіде белгілі бір компанияға жарнама жасап, кейін оның қаржы пирамидасы екенін білсе, құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы. 

"Жұлдыздар өзін алданып қалдым деп санаса, олардың тікелей сотқа емес, құқық қорғау органдарына жүгінуге әбден құқығы бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни, "Алаяқтық" бойынша іс қозғауға болады. Заңда бұл бапта "Өзгенің мүлкін, сенімін пайдалана отырып алдау жолымен жымқыру" деп жазылған. Осы бап бойынша алаятық жасаған азаматтардың үстінен арыз жазып, құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Әрі қарай құқық қорғау органдары осы бап бойынша кімнің кінәлі екенін дәлелдемелердің жиынтығы бойынша анықтайды", - деді заңгер. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 440.97   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети