Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2020 13:37

Биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамы үшін кең жолақты интернет қолжетімді болады - Жұмағалиев

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болады. Бұл туралы Сенат отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болады. Бұл туралы Сенат отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Жеңіс Нұрғалиев баяндамашы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтен ауылдағы интернеттің қолжетімділігі мәселесінің қалай шешіліп жатқанын сұрады.

"Сұрағым шет жатқан ауылдардағы интернеттің қолжетімділігіне байланысты.  Интернет желісі қолжетімді болса, денсаулық сақтау, білім беру, электронды коммерция саласындағы қызметтерді электрон түрде алуға мүмкіндік береді. Сіздің ойыңызша  барлық ауылда интернет қашан қолжетімді болады?", - деген сұрақ қойды депутат.

Министр бүгінде 118 қала және 4 235 ауылда мобильді кең жолақты интернет барын айтып, жыл соңына дейін халқымыздың 99 пайыздан астамы интернетпен қамтылатынын жеткізді.

"Бүгінде 118 қала және 4 235 ауылда мобильді кең жолақты интернет бар. Бұл дегеніңіз қазір халықтың 90 пайыздан астамы қамтылған. Халқымыздың 84 пайызы мемлекеттік қызметтерді интертент арқылы алады, кейбір сайтқа мәліметтерге өтінішті интернет арқылы береді. Үлкен сұрақ екенін түсінеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үлкен екі жоба іске асырылып жатыр. Олар талшықты-оптикалық байланыс желісімен байланысты. Сапалы интернетке қосу үшін 1 250 елді мекенді биыл қосымша талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етеміз.

Ал мобильді кең жолақты интернетке келсек, бүгінде меморандумға сәйкес 1 035 ауыл қосымша қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде биыл халқымыздың 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болады. Осы жұмысты белсенді түрде жалғастырамыз. Барлық оператор мобильдеу бойынша құрылыс жұмыстарын толық жүргізіп жатыр. Жобаның барысы туралы БАҚ беттерінде және сіздерге ақпарат беріп отырамыз", - деді Асқар Жұмағалиев.

Еске салайық, бұған дейін аталған ведомствоның вице-министрі Дарын Тұяқов 2020 жылдың соңына дейін 643 ауылға интернет қосылатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 440.93   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети